Ұлттық ономастика — мемлекеттік идеологияның бір тірегі

Бүгінгі таңда ономастика саласындағы мәселелерді — ұмыт болған дәстүрлі атауларды жаңғырту, тарихи атауларды қайтару ісін жандандыру қажет деп есептейміз.

Кеңес заманында көптеген отаршыл, тоталитарлық мазмұндағы елді мекен атаулары пайда болып, дәстүрлі атаулар тарихи түп-тамырынан қол үзді. Саяси тұрғыдан алғанда, тарихи атауларды қалпына келтiру егемендiк алған елдiң ұлттық идеологиясының қалыптасуының алғашқы белгiлерiнiң бiрi болып табылады.

Ономастикалық атауларды ретке келтіру және тарихи атауларды жаңғырту мақсатында идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулар мен қайталанатын атауларды тарихи жер-су атауларына алмастыру, сондай-ақ объектілерге, әкімшілік-аумақтық бірліктерге және олардың құрамдас бөліктеріне кісі есімдерін беруді түбегейлі шектеу жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 28 ақпандағы №17-388-5 тапсырмасын қатаң бақылауға алып, ауданымыздың бірнеше елді мекендерінде көшелерге атау беру, қайта атау, транскрипциясын нақтылау жұмыстары қарқынды жүзеге асырыла бастады.

Атап айтсақ, соңғы 3 жылда / 2022-2023 / елді мекендердің 15 құрамдас бөлігі қайта аталды. Облыстық ономастика комиссиясының қарауында 4 мектепке еліміздің ұлы тұлғаларының есімдерін беру мәселелері тұр.

— Ахмет Байтұрсынов есімі Жақсы ауылының №1ЖББОМ;

Сәкен Сейфуллиннің есімі Жақсы ауылының №1 ЖББОМ;

Смағұл Сәдуақасовтың есімі Беловод ауылының ЖББОМ;

Қайрат Рысқұлбековтың есімі Подгорный ауылының ЖББОМ.

Сондай — ақ, Тарасовка-Ақжар елді мекендерін, тиісінше, ауылдық округті Ақжар, Моховое ауылын Ақсу ауылына және Жақсы /2/, Тарасовка /6/ және Киевское /2/ауылдарының 10 көшесін қайта атау бойынша оң қорытынды бар.

Сондай-ақ, облыстық ономастикалық комиссия арқылы Киров ауылының атауы Қаражон болып өзгертілді.Ағымдағы жылы көше атауларын өзгерту туралы өтініш 2 түсіп облыстық ономастикалық комиссиясының қарауына жіберілді.

 Ертеңгі тарих бетіне ұялмай қарау үшін бүгін ономастикалық саясатымызды орнықтырып, атауларды беруде үлкен талаптарға сүйенуіміз қажет. Ең алдымен, ұлы тұлғаларымыздың есімдерін ұлықтау мақсатында солардың есімдерін нысанаға алуымыз қажет. Ал елді мекен атауын өзгертерде сол жердің тарихи байырғы атауын іздестіріп қайта атау керек. Көше атауын өзгертуде ортағасырлық ғалымдар, жырауларымыз, батырларымыз, хандарымыз, ақын-жазушыларымыз, күйшілеріміз, ағартушыларымыз, ғалымдарымыз, Алаш қайраткерлері, өңірде ерен еңбегімен яғни тарихи деңгейде танылған ұлы тұлғалардың есімдерін беру қажет. Сұлулық салондары «Кербез», «Шолпы», «Көркем» сияқты қазақы атаулармен аталса, дүкендер атауына да әркім ойына келген сөзді қоймай, «Базарлық», «Керуен», «Шашу», «Ырыс», «Табыс», «Тарту», «Кәде», «Олжа», «Құт» сияқты мағыналы атау берілсе нұр үстіне  нұр болар еді.

З.Байдүйсенова

«Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ бас маманы

By admin

Читайте также