Көкпардан ұлттық құрама спортшылары Көшпенділер ойындары өтетін алаңда алғашқы дайындықтарын өткізді Сборная Казахстана по кокпару проводит первые тренировки на стадионе Игр кочевников в Астане

 

Көкпардан ұлттық құрама спортшылары елордадағы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтетін «Қазанат» ипподромында көкпар және көкбөрі спорттары бойынша дайындыққа кірісті.

«5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына көкпардан ұлттық құрама мүшелері сақадай сай. Біз Астанаға ертерек келіп, жылқылардың алаңға жылдам бейімделуіне жағдай жасап жатырмыз. Бүгін алаңмен таныстық. Сапасы өте жақсы. Әрине, дүбірлі дода өз жерімізде өтетін болғандықтан үлкен жауапкершілікті сезініп жатырмыз. Қолымыздан келгенін жасаймыз. Ең бастысы – көшпенділер ойындарында сәтті өнер көрсетіп, алтынға қол жеткізу», – деп атап өтті көкпардан ұлттық құрама капитаны Құрманбек Тұрғанбек.

«5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында дайындығымызды пысықтау үшін Астанаға келдік. Ойын алаңы көңілімізден шықты, жылқыларға да өте ыңғайлы. Дайындық жоғары деңгейде өтіп жатыр. Біз соңғы рет көкбөріні 2016 жылы ойнадық. Осыған дейінгі тәжірибемізді ескерсек, көкбөрі спортынан біздің жігіттер алтыннан үмітті», – дейді көкпардан ұлттық құрама мүшесі Ұлан Байтөреев.

Көкпар және көкбөрі спортынан сайыс қыркүйектің 9-ы мен 12-сі аралығында елордадағы «Қазанат» ипподромының аумағында өтеді. Әр спорт түрінен 12 қатысушы болады.
Еске сала кетейік, Республикалық «Көкпар» федерациясы Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіреді. Қауымдастық құрамында бұдан өзге «Бәйге», «Садақ ату», «Теңге ілу», «Аударыспақ», «Жамбы ату», «Құсбегілік», «Асық ату», «JORYQ» ат спорты және т.б. федерациялар бар. ҚР Ұлттық спорт қауымдастығын Исламбек Салжанов басқарады.
Айта кетерлігі, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады деп жоспарлануда. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Бас демеушісі — ALAGEUM ELECTRIC, Ойындардың Бас серіктесі — Halyk Bank. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметі

 

Члены сборной Казахстана по кокпару приступили к тренировкам по кокпару и кок бору на площадке столичного ипподрома «Казанат», где будут проходить соревнования 5-х Всемирных игр кочевников.

«Для участия в 5-х Всемирных играх кочевников сборная Казахстана по кокпару находится в полной готовности. Мы приехали в Астану пораньше, чтобы лошади побыстрее адаптировались. Сегодня ознакомились с полем. Качество поля – на высшем уровне. Так как Игры проводятся в нашей стране, конечно, есть большой груз ответственности. Мы приложим все усилия со своей стороны. Самое главное – достойно выступить на 5-х Всемирных играх кочевников и завоевать победу без травм», — отметил капитан сборной РК по кокпару Курманбек Турганбек.

«Мы приехали тренироваться в преддверии 5-х Всемирных игр кочевников. Площадка для игры и стадион хорошие. Для лошадей покрытие ипподрома удобное. Подготовка идет на хорошем уровне. В кок бору мы играли в 2016 году. Имея этот опыт, на этих Играх кочевников часть наших спортсменов будет задействована в соревнованиях по кок бору», — сказал член сборной РК по кокпару Улан Байтореев.

Соревнования по кокпару и кок бору пройдут с 9 по 12 сентября на территории столичного ипподрома «Казанат». С каждой команды по этим видам спорта принимают участие по 12 спортсменов.
Напомним, что республиканская федерация по кокпару входит в состав Ассоциации национальных видов спорта РК. Кроме того, в состав Ассоциации входят федерации байге, аударыспақ, садақ ату, жамбы ату, теңге ілу, құсбегілік, асық ату, «JORYQ» и др. Возглавляет Ассоциацию национальных видов спорта РК Исламбек Салжанов.
Стоит отметить, что 5-е Всемирные игры кочевников пройдут 8-13 сентября. Ожидается, что в мероприятии примут участие порядка 2000 участников. Генеральным спонсором 5-х Всемирных игр кочевников является отечественная технологическая компания ALAGEUM ELECTRIC, а главным партнером системообразующий универсальный коммерческий банк страны – Halyk Bank. На Всемирных играх кочевников в Астане будет разыграно 97 комплектов медалей по 21 виду спорта.

Пресс-служба Ассоциации национальных видов спорта РК

By admin

Читайте также