Қиратулар, ғимараттарды өртеу, қаруларды жымқыру. Қылмыстарға қатысы бар жөнінде жеткілікті мәліметтер бар

Қаңтар оқиғалары бойынша жалпы 265 қылмыстық іс сотқа жолданып, олармен 243 адам сотталды. Қазіргі уақытта 585 күдікті адамдар қамауда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас Прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов хабарлады.
«Бұл адамдар қиратулар, ғимараттарды өртеу, қаруларды жымқыру, мемлекеттік және құқық қорғау органдары ғимараттарына қарулы шабуыл жасауда белсенді түрде қатысқан. Әрбір қамалған бойынша олардың осы қылмыстарға қатысы бар жөнінде жеткілікті мәліметтер бар. Бұған дейін Алматы қаласы әуежайына шабуыл жасалғаны туралы хабарланған болатын. Кейбір қылмыскерлердің рөлін түсіндіріп өтейін. 5 қаңтарда «Н» есімді азамат адамдар тобымен Алматы қаласы әуежайының ұшу-қону жолағының жарығын өшірді. «Н» өзінің әрекеттерімен стратегиялық объектінің қызметін тоқтатты, нәтижесінде ұшақтар жолаушылармен ұшып кете алмады және токтан ажыратылған ұшу-қону жолағында 10 сағаттан артық тұруға мәжбүр болды. Осы уақытта қарулы топ Алматы әуежайының ғимаратында қиратулар мен тонауларды жасады. «Н»-нің іс-әрекеттері терроризм актісі, яғни Қылмыстық кодекстің 255-бабымен сараланды. Оның қылмыстарға қатыстылығы жиналған дәлелдемелермен расталады. Қаңтар оқиғалары ұйымдастырушылары мен қатысушыларын анықтау және оларды жауаптылыққа тарту үшін жұмыстар жалғасуда», — деді спикер.

4 қаңтарда Алматы облысында «А» және жеке адамға қарсы қылмыс үшін сотты болған «С» есімді азаматтар қиратуларды, мүліктерді жою және билік өкілдеріне қарсы күш қолдануды ұйымдастыру туралы алдын ала сөз байласқан. 5 қаңтарда аталған адамдар әлеуметтік желілер арқылы Талдықорған қаласындағы шағын ауданда 400 адамды жинап, осы жерде оларға облыс әкімдігін басып алу үшін толық нұсқау берген.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1650877868

By admin

Добавить комментарий

Читайте также