«Дипломмен ауылға!»: нәтижелі жоба

Білікті мамандарды тарту арқылы ауылдыңкадрлық әлеуетін дамыту мақсатында облысымызда «Дипломмен ауылға!» жобасы іске асырылуда.

Бұл туралы Ақмола облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысыныңміндетін атқарушы Әсет Асылбекұлы Құрманғожин баяндады.

«Дипломмен ауылға!» жобасы 2009 жылдан бастап жас мамандарға көтерме жәрдемақы беруден бастау алса, 2010 жылдан бері баспана алуға немесе немесе салуға бюджеттік несие беру арқылы жалғасын тапты.

  Әлеуметтік салаға,  агроөнеркәсіптік кешенге білікті мамандарды  және   ауыл, елді мекен, село  әкімі аппараттарына мемлекеттік қызметшілерді (бас маман, жетекші маман) тарту – жобаның негізгі мақсаты..

Әсет Асылбекұлының айтуынша, жоба қатысушыларына мемлекет тарапынан  100 АЕК көлемінде бір реттік көтерме жәрдемақы және  ауылдық жерлерде 2000 АЕК ,  аудан орталықтарында 2500 АЕК көлемінде бюджеттік кредит беріледі.  

Бұл шараларды жүзеге асыру айтарлықтай оң нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Жоба іске асырылып отырған 15 жыл ішінде 3596 маман баспана алуға бюджеттік несие алса, 7287 маманға  мемлекет тарапынан көтерме жәрдемақы түрінде қолдау көрсетілді.

Көрсетілген әлеуметтік қолдау шараларының 73% білім беру саласына, 19% денсаулық сақтау саласына тиесілі болса, басқа мамандықтар қолдау шараларының    8%-ын  қамтиды.

  Мемлекеттік қызмет алушылардың ең көп саныЦелиноград, Аршалы, Зеренді, Бурабай, Шортанды аудандарында және Көкшетау қаласында байқалады.

«Биылғы жылы облысымыздың 20 өңірінде 63 маманға бюджеттік несие беру, 777 маманға  көтерме жәрдемақы төлеу көзделіп отыр,  1 тамыздағы жағдай бойынша 13 маманға бспана алуға бюджеттік несие  беріліп, 460 маман көтерме жәрдемақы алды», — деп  Әсет Асылбекұлы сөзін қорытындылады.

By admin

Добавить комментарий

Читайте также