Главные новости

Союз строителей Казахстана выдвинул кандидата на президентские выборы

Союз строителей Казахстана выдвинул кандидата на президентские выборы

  АСТАНА. КАЗИНФОРМ - В Центризбирком представлены документы Ергалиева Талгата Файзуллиевича о его выдвижении кандидатом в Президенты Республики Казахстан, передает МИА «Казинфрорм» со ссылкой на сайт ЦИК.   10 октября 2022 года в Центральную избирательную комиссию Республики Казахстан согласно статьям 54 и 55 Конституционного закона Республики Казахстан «О выборах в Республике Казахстан», а также в соответствии с постановлением Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан от 23 сентября 2022 года № 67/545 «Об установлении форм избирательных документов по внеочередным выборам Президента Республики Казахстан, назначенным на 20 ноября 2022 года», были представлены следующие документы Ергалиева Талгата Файзуллиевича о его выдвижении кандидатом в Президенты Республики Казахстан…
Подробнее
Президентікке кандидаттарды ұсыну ертең аяқталады

Президентікке кандидаттарды ұсыну ертең аяқталады

  Президентікке кандидаттарды ұсыну ертең 18:00-де аяқталады, деп хабарлады BAQ.KZ. Осы уақыт ішінде президент сайлауына үміткер ретінде кімдер ұсынылды? Жигули Дайрабаев - «Ауыл» партиясы атынан; Нұрлан Әуесбаев - Жалпыұлттық социал-демократиялық партия атынан; Мейрам Қажыкен - «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығы» бірлестігі атынан; Қасым-Жомарт Тоқаев - Халықтық коалиция атынан; Қарақат Әбден - «Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлер ұлттық альянсы» бірлестігі атынан. ҚР Президенттігіне кандидаттардың әрқайсысы 118 000 қол жинауы керек. Үміткерлер үшін сайлау жарнасының мөлшері - 3 млн теңге. https://baq.kz/prezidentikke-kandidattardy-usynu-erten-ayaqtalady-289132/  
Подробнее
Аманат» кәсіподақтар достастығынан кандидат талаптарға сай — ҚР ОСК

Аманат» кәсіподақтар достастығынан кандидат талаптарға сай — ҚР ОСК

  АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясы «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығы» республикалық бірлестігі ұсынғанын Мейрам Қажыкеннің президенттікке кандидатурасын талаптарға сай деп шешті. Бұл туралы ҚР ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров комиссияның отырысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Әуелі ОСК мүшесі Шахат Өтемісов аталған кадидаттың лингвистика комиссиясының 2022 жылғы 8 қазандағы шешімі бойынша, мемлекеттік тілді еркін меңгергені анықталғанын атап өтті. «ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Зекешұлы Қажыкеннің ҚР Конституциясында және Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы ҚР Конституциялық Заңында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау туралы хаттамаға қол қойылды. Осылайша Орталық сайлау комиссиясы республика президенттігіне кандидат Мейрам Зекшұлы Қажыкеннің Конституцияда және Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы…
Подробнее
Ауыл» партиясынан президенттікке үміткер Жигули Дайрабаев лингвистика емтиханынан өтті

Ауыл» партиясынан президенттікке үміткер Жигули Дайрабаев лингвистика емтиханынан өтті

  АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР президенттігіне «Ауыл» халықтық-демократиляқ патриоттық партиясының атынан ұсынылған үміткер Жигули Дайрабаев мемлекеттік тіл емтиханын сәтті тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Жигули Дайрабаевтың шығарма тақырыбы «Менің елім, менің жерім» деп аталды. Екінші - мәнерлеп оқудан Абай өлеңдерін оқыды. Үшінші - еркін тақырыпта немесе «шаршы сөзде» «Күшіміз - бірлікте» деген тақырыпты алды. Шығармасын жаза алды, ойын жеткізді. Абай өлеңдерін мәнерлеп оқыды. «Күшіміз бірлікте» тақырыбында ойын еркін жеткізе алды. Комиссия «Жигули Дайрабаев мырза мемлекеттік тілді еркін меңгерген» деген қорытынды жасады», - деді лингвистика комиссиясының мүшесі Дихан Қамзабек. Еске салайық, бүгін ОСК халық коалициясы ұсынған Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР президенттігіне кандидатурасын…
Подробнее
Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттікке кандидатурасы талапқа сай келеді — ОСК

Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттікке кандидатурасы талапқа сай келеді — ОСК

Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттікке кандидатурасы талапқа сай келеді - ОСК АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттікке кандидатурасын талаптарға сай деп шешті. Бұл туралы ҚР ОСК хатшысы Мұхтар Ерман комиссияның отырысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Сөз басында комиссия хатшысы Қасым-Жомарт Тоаевтың кандидатурасын ҚР президенттігіне бірнеше саяси партия мен қоғамдық ұйым ұсынғанын еске салып, комиссия қарауына аталған үміткердің атынан қандай құжаттар тапсырылғанын мәлім етті. «ҚР президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ҚР Конституциясында және ҚР Сайлау туралы Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау туралы хаттамаға қол қойылды. Осылайша Орталық сайлау комиссиясы республика президенттігіне кандидат Қасым Жомарт Тоқаевтың Конституцияда…
Подробнее
Президенттікке үміткер Қарақат Әбден ОСК-ға құжаттарыно тапсырды

Президенттікке үміткер Қарақат Әбден ОСК-ға құжаттарыно тапсырды

  АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР президенттігіне үміткер Астана қоғамдық кеңесінің мүшесі, мәслихат депутаты Қарақат Әбден Орталық сайлау комиссиясының қарауына кандидат ретінде құжаттарын тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қарақат Әбден Орталық сайлау комиссиясының құжаттарды қабылдау жөніндегі комиссиясына мынадай құжаттарды тапсырды: 1. «Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлер Ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігінің жоғары органы отырысының кандидатты ұсыну туралы хаттамаларынан үзінді көшірменің түпнұсқасы; 2. Үміткердің Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат болуға келісімі туралы, өмірбаяндық деректері қоса берілген өтініші; 3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат; 4. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 5. Жоғары білімі туралы дипломдардың көшірмелері; 6. Мемлекеттік және сайланбалы…
Подробнее
Сайлау: Дайрабаев пен Қажыкен тіл емтиханынан қандай баға алды

Сайлау: Дайрабаев пен Қажыкен тіл емтиханынан қандай баға алды

  АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Орталық сайлау комиссиясының шешімімен құрылған лингвистика комиссиясының төрағасы Әділ Ахметов пен оның мүшесі Дихан Қамзабек президенттікке үміткерлер Жигули Дайрабаев пен Мейрам Қажыкеннің тіл емтиханын қалай тапсырғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Үміткерлердің жазба жұмысы ксерокөшірме арқылы көбейтіліп, комиссияның әр мүшесіне таратылды. Әрқайсысы өзінің тапқан қателері болса, белгілерін қояды. Сол бойынша ең соңында қорытынды жасалады. Екеуіне де «мемлекеттік тілді еркін меңгерген» деген қорытынды шығарылды». Ал бес балдық жүйемен бағаласақ, меніңше, бірінші тапсырған үміткер «4», екіншісі «5» деген баға алды», - деді комиссия төрағасы Әділ Ахметов. Комиссия мүшесі Дихан Қамзабектің де пікірі осыған ұқсас болды. «5 балдық…
Подробнее
Саясатта ештеңеден қорықпау керек деп ойлаймын — президенттікке үміткер Қарақат Әбден

Саясатта ештеңеден қорықпау керек деп ойлаймын — президенттікке үміткер Қарақат Әбден

  АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР президенттігіне үміткер Қарақат Әбден Орталық сайлау комиссиясының қарауына кандидат ретінде құжаттарын тапсырып болғаннан кейін журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Осы мінберді пайдаланып менің кандидатурамды ұсынған «Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлер Ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігіне білдірген сенімі үшін үлкен алғыс айтқым келеді. Бұл мен үшін үлкен абырой, сонымен бірге, үлкен жауапкершілік. Мен ол адамдардың үмітін ақтауға барымды саламын», - деді үміткер. БАҚ өкілдері Қ.Әбденнен кезектен тыс президент сайлауына қатысу туралы шешімді қалай және кімнің бастамасымен қабылдағанын сұрады. «Бұл – менің жеке қабылдаған шешімім. Ешкімнің тапсырмасы немесе кеңесі емес», - деген Қарақат Әбден әзірге президенттіке…
Подробнее
ОСК Тоқаевтың кандидатурасын талапқа сәйкес тігін белгілеу туралы қаулы қабылдады

ОСК Тоқаевтың кандидатурасын талапқа сәйкес тігін белгілеу туралы қаулы қабылдады

  АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Орталық комиссиясы Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәйкестігін белгілеу туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Орталық сайлау комиссиясының отырысында президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәйкестігі туралы ОСК хатшысы Мұхтар Ерман баяндама жасады. Ол кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевқа қатысты уәкілетті мемлекеттік органдарға тиісті сұрау салулар жіберілгенін хабарлады. «Құзыретті мемлекеттік органдардан келген мәліметтерге сай азамат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа қатысты Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде тіркелуге кедергілер жоқ екені анықталды. Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сай Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев тумысынан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады, Қазақстанда соңғы 69 жыл бойы тұрады», -деді Мұхтар Ерман. Айтуынша, кандидат Қ. Тоқаевтың мемлекеттік…
Подробнее
Жигули Дайрабаев Орталық сайлау комиссиясында қазақ тілінен емтихан тапсырып жатыр

Жигули Дайрабаев Орталық сайлау комиссиясында қазақ тілінен емтихан тапсырып жатыр

  АСТАНА. ҚазАқпарат – Президент сайлауына «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан ұсынылған Жигули Дайрабаев мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау үшін Орталық сайлау комиссиясында емтихан тапсырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Орталық сайлау комиссиясында кезектен тыс президент сайлауына үміткерлердің мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау бойынша лингвистика комиссиясының кезекті отырысы өтіп жатыр. Бұл жолы комиссия мүшелері «Ауыл» партиясынан ұсынылған Жигули Дайрабаевтың қазақ тілін меңгеру деңгейін сарапқа салады. Лингвистикалық емтихан барлық үш кезең бойынша өтеді: тақырыпқа сай жазбаша тапсырма орындау, мәтін оқу және кандидат таңдаған тақырып бойынша көпшілік алдында кемінде он бес минут сөз сөйлеу. Еске салайық, бүгін Орталық сайлау комиссиясы «Аманат» кәсіподақтар достастығынан…
Подробнее