2022 жылғы 3 қарашадағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына 3 заңды тұлғадан қоғамдық пікірге сұрау салуды жүргізгені туралы хабарлар келіп түсті
2022 жылғы 3 қарашадағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына 3 заңды тұлғадан құжаттардың көшірмелерін қоса, қоғамдық пікірге сұрау салуды жүргізгені туралы хабарлар келіп түсті: «Қоғамдық пікір» зерттеу институты («Общественное мнение» зерттеу институты); «AMANAT» партиясының «Қоғамдық саясат институты» жеке меншік мекемесі; «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы; «Астана - Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты» ОФ ИКСИ «СОЦИС-А» Заңды тұлғалардан келіп түскен хабарлар туралы ақпарат олардың келіп түсуіне қарай Орталық сайлау комиссиясының сайтында жаңартылатын болады. Қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу мерзімдеріне қатысты «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 32-бабының 1-тармағына сәйкес сайлау күнi дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пунктте қоғамдық пiкiрге сауал салуды жүргізуге…