ОСК 134 шетелдік байқаушыны аккредиттеді
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Орталық салау комиссиясының отырысында 20 қарашада өтетін кезектен тыс президент сайлауына 134 халықаралық байқаушы аккредиттелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Отырыста осы мәселе бойынша сөз сөйлеген ОСК хатшысы Мұхтар Ерманның дерегінше, 2022 жылғы 22 қыркүйекте кезектен тыс президент сайлауын халықаралық байқау институты ашылғаннан бері 6 халықаралық ұйым мен 8 шет мемлекеттен 139 байқаушы аккредитациядан өткен. «2022 жылғы 1-7 қараша аралығында Орталық сайлау комисссиясына Сыртқы істер министрлігінен 4 халықаралық ұйым мен 14 шет мемлекеттен 134 байқаушыны аккредитациядан өткізу үшін ұсыныс түсті. 4 халықаралық ұйымнан 110 байқаушы аккредитациядан өткізуге ұсынылды. Олардың ішінде, ТМД-дан - 55, ТМД-ға қатысушы…