ҰҚШҰ ПА делегациясы Қазақстандағы сайлауға қатысты пікір білдірді
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясының байқаушылары Қазақстандағы сайлауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Біз кеше және бүгін сайлауды ұйымдастыру процесін қарап отырамыз. Біз үдерістерге қатысып жатқан барлық саяси күштермен кездесулер өткіздік. Біз үміткерлердің штабында болдық, түрлі құрылымдармен кездестік. Бүгін таңертең сайлау учаскелерінде ҰҚШҰ байқау тобы да жұмысын бастады. Осы орайда дауыс берушілердің көптігін атап өткіміз келеді. Дауыс беру рәсімдері жақсы ұйымдастырылғанын атап өткен жөн. Біз барлық оқиғаларға мұқият қарап отырмыз. Біздің ойымызша, сайлаудан кейін Қазақстан халқы бұл үдерістен нығайып шығады. Жалпы, бұл сайлау Қазақстан халқы үшін маңызды деп санаймын», - деді ҰҚШҰ…