Орталық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекітті
2022 жылғы 28 қарашада Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының (бұдан әрі – Ортсайлауком) отырысы өтті. Отырыста «2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» қаулы қабылданды. Отырысты аша отырып, Ортсайлауком Төрағасы Нұрлан Әбдіров 2017 жылы сайланған Сенат депутаттарының Конституциялық өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы Жарлығымен Сенат депутаттарының кезекті сайлауы 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалғанын атап өтті. Бұл жағдайда депутаттарды сайлау Сенат депутаттары өкілеттігінің конституциялық мерзімі аяқталғанға дейін кемінде төрт ай бұрын тағайындалады және олардың өкілеттіктерінің конституциялық мерзімі аяқталғанға дейін кемінде…