
Қазақ өнері – Вена төрінде Австрия мемлекетінің астанасы Вена қаласында Н.Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясы жанындағы «Мұрагер» фольклорлық және «Інжу-Маржан» би ансамбльдері өнер көрсетіп, шетелдіктердің қошеметіне бөленді. Облыстық филармония өкілі Өмірбек Салауатұлынан білгеніміздей, іс-шара Қазақстан Республикасының Австриядағы елшілігінің шақыртуымен, Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен Ұлыстың ұлы күніне тарту болған екен. Вена филармониясының (Музикферайн) залында ұйымдастырылған концертке дипломатия, мәдениет, бизнес, БАҚ және Австриядағы қазақ диаспорасының өкілдері қатысты. Ең алдымен Қазақстанның Австриядағы Төтенше және өкілетті елшісі Мұхтар Тілеуберді, Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов және Австриядағы қазақтар қауымдастығының өкілі Анар Әділбекова жылы лебіздерін білдіріп, қазақы салт-дәстүрді дәріптейтін, ұлттық нақышымызды насихаттайтын өрелі де өнегесі…