2022 жылдың 9 айында балаларға 324 млрд теңгеге медициналық қызмет көрсетілді
МӘМС жүйесін енгізу балалар денсаулығы профилактикасына және оларды емдеуге көбірек қаражат бөлуге мүмкіндік берді. Бір бала үшін жұмсалатын денсаулық сақтау жүйесінің шығындары 22 %-ға өсті. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында балаларға медициналық көмекке қанша қаражат жұмсалғаны туралы есеп берілді. Өздеріңіз білетіндей, 2022 жыл Балалар жылы болып жарияланды. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қазақстандық балалар МӘМС жүйесінде автоматты түрде сақтандырылғанын еске салды. Олар үшін жарналарды ЖСН алған сәттен бастап кәмелетке толғанға дейін мемлекет төлейді. Бұл балаларға ТМККК аясында ғана емес, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетіне кіретін медициналық көмекті де алуға мүмкіндік береді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында хабарлағандай, емханаларға тіркелген балалар саны…