
Саяси жүйені құру жолдары талқыланды
Елордада Астана IT университетінің базасында конституциялық реформаларды нақтылауға арналған «Референдум-2022: Қазақстан Республикасының саяси жүйесін қайта құру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Астана IT университетінің оқытушылары, қызметкерлері, сондай-ақ студенттері қатысты. Офлайн форматта ұйымдастырылған жиынға Сенат депутаттары Владимир Волков, Қанатбек Сафинов, Андрей Лукин қатысты. Депутаттар Конституцияға ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулардың мән-мағынасын түсіндірді. Мәселен, жаңа Конституцияда Президент жақындарын басшылық қызметтерге тағайындауға шектеу қою ұсынылған. Яғни суперпрезиденттік басқарудан мықты Парламенті бар президенттік жүйеге көшуге нақты қадам жасалып отыр. Сондай-ақ Мәжіліс немесе мәслихат депутаты сайлауына партияға мүше болмай-ақ үміткер ретінде қатыса алады. Сонымен қатар тарих ғылымдарының докторлары, Astana IT университеті Қоғамдық ғылымдар кафедрасының…