Ядролық технологияны медицинада қолданудың тиімділігі қандай Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрымова ядролық технологияны медицинада қолданудың тиімділігі мен оның әлеуметтік-экономикалық әсері жайлы түсіндіріп берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. Ядролық медицина - бұл диагнозды түбегейлі жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік беретін жаңа, қарқынды дамып келе жатқан сала. Бүгінгі таңда медицинаны ядролық технологиясыз елестету мүмкін емес. Ядролық технология сияқты сөздерді естігенде ең алдымен ядролық медицина қорқынышты және зиянды нәрсе деген ой келетіні сөзсіз. Бірақ түптеп келгенде бүгінде ядролық технологиялар медицинада, атап айтқанда, әртүрлі органдар мен жүйелердің ауруларын диагностикалау мен емдеуде қолданылып, онкология, неврология және кардиологияда ең танымал болды, - деді депутат. Диагностиканың стандартты және жиі…
Окт
01
2024