Конституциялық реформа. Қай бап қалай өзгереді. 61-бап
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздегі заң шығарушы органның тікелей міндетін, яғни заң шығару құқығын белгілейтін 61-бапта 4 тармаққа өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі. 61-бапқа енгізілген алғашқы өзгерту, анығы – толықтыру тікелей халықтың мүддесін көздейді. Себебі аталған баптың 2-тармағы жаңадан екінші бөлікпен толықтырылды. Онда кезек күттірмес мәселеге қатысты жылдам шешім шығарып, дереу заң қабылдап, дер кезінде іске қосу қадап айтылған. Ал енді бұндай «төтенше жағдайға» не жатады дегенге келер болсақ, халықтың өмірі мен денсаулығына, конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіп пен елдің экономикалық қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайлар. Ата заңымыздың жаңадан ұсынылған нұсқасында осындай жағдайлар болса, ұсынылған заңдарды Палаталардың бірлескен отырысында Парламенттің дереу қарауы керек…