Қиратулар, ғимараттарды өртеу, қаруларды жымқыру. Қылмыстарға қатысы бар жөнінде жеткілікті мәліметтер бар
Қаңтар оқиғалары бойынша жалпы 265 қылмыстық іс сотқа жолданып, олармен 243 адам сотталды. Қазіргі уақытта 585 күдікті адамдар қамауда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас Прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов хабарлады. «Бұл адамдар қиратулар, ғимараттарды өртеу, қаруларды жымқыру, мемлекеттік және құқық қорғау органдары ғимараттарына қарулы шабуыл жасауда белсенді түрде қатысқан. Әрбір қамалған бойынша олардың осы қылмыстарға қатысы бар жөнінде жеткілікті мәліметтер бар. Бұған дейін Алматы қаласы әуежайына шабуыл жасалғаны туралы хабарланған болатын. Кейбір қылмыскерлердің рөлін түсіндіріп өтейін. 5 қаңтарда «Н» есімді азамат адамдар тобымен Алматы қаласы әуежайының ұшу-қону жолағының жарығын өшірді. «Н» өзінің әрекеттерімен стратегиялық объектінің…