Референдум Сенаттың ықпалын азайтып, Мәжілістің рөлін арттырады деу қате — депутат
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Референдум Сенаттың ықпалын азайтып, Мәжілістің рөлін арттырады деу қате. Мәжіліс депутаты Ғани Ташқараев республикалық референдумға шығарылатын конституциялық өзгерістер туралы осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Президент, Орталық сайлау комиссииясының, Жоғары аудиторлық палата төрағалары, судьялар саяси партияларға қолдау көрсетпеуі керек деген норма енгізілмекші. Мұндай норма саяси партиялар арасында теңдікті сақтауға мүмкіндік береді. Ешбір партияға билік тарапынан да, лауазымды адамдар тарапынан да артықшылық берілмейді. Яғни, саяси партиялар өз күшіне, өз бағдарламасына сенім артатын болады. Олар халықтың қолдауына ие болу үшін жұмыс істей бастайды. Бұл, өз кезегінде, мықты және әділ партиялық жүйені қалыптастыруға жол ашады», - дейді депутат.…