Халық атынан басқарудан – халықпен басқаруға
Әрбір мемлекеттің дамуында тағдыршешті кезеңдер болады. Жаңа мемлекеттік құрылымдарды қалыптастырып, біртұтас ел болудың мақсат-мұратын Президент өзінің сайлауалды бағдарламасынан бері айтып келеді. Алдағы асуларымыздың нақты қадамдарын Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында тағы бір ресми түрде нақтылады. Тәуелсіздігіміздің 30 жылындағы табыстар алға жетелесе, ал уақтылы шешілмеген қайшылықтар саяси проблемаға айналды. Саясаттағы проблема дегеніміз – туындаған жағдайларды оңтайлы және уақтылы шешуге қоғамдық деңгейде өзара келісімге келе алмау. Келіспеушіліктің себептеріне: саяси жүйенің тұйықталуы, экономиканың әлсізденуі, әлеуметтік мәселелердің ұзақ жылдар дұрыс реттелмеуі, халықтың саяси процестерден, саяси шешім қабылдаудан шеттетілуі жатады. Бұны қоғамдық келісім мүшелерінің құқықтарының қақтығысы деп те айтуға болады. Теория бойынша қоғамдық деңгейде…