Жастар ұйымының басшысы референдумға қатысудың маңызын айтты
Қазақстан студенттері альянсының президенті, ҚР Сенат жанындағы жастар мәселелері жөніндегі кеңес мүшесі Ілияс Түстікбаев 5 маусымдағы республикалық референдумға жастардың белсенді қатысуы не үшін маңызды екенін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Менің даусым ештеңе шешпейді», «Мен барғанмен ештеңе өзгермейді» деген болмайды. Осы жолы әсіресе жастар белсенділік танытуымыз керек. Алдағы айлауларда, алдағы өзгерістерде де азаматтық борышымызды өтеуіміз керек. Қателеспесем, Швейцария әр мәселеге референдум өткізе береді екен. Олар үшін референдум – қалыпты, жалпыхалықтық сайлау. Мысалы, қоғамдық орында темекі шегу мәселесі бойынша пікір екіге жарылса, референдумға шығара салады. Сол референдумдағы халықтың даусы арқылы мәселеге нүкте қойып отырады. Кез келген мәселе реформа арқылы…