Президенттікке үміткерлерден лингвистикадан сынақ алатын ғалымдар кім
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Орталық сайлау комиссиясы президенттікке кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгергенін анықтайтын комиссия құрамын бекіту туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Орталық сайлау комиссиясының сұранысы бойынша Ғылым және жоғары білім, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктері, сонымен қатар Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті лингвистикалық комиссияның құрамына кандидаттарды ұсынды», - деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман ОСК отырысында қаулы жобасын таныстыра келе. Сонымен, оның дерегінше, комиссия құрамына мына ғалымдар ұсынылды: филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Әділ Ахметов, философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі , жазушы, абайтанушы Ғарифолла Есім, филология ғылымдарының докторы,…