Қазақстандық арнайы бөліністердіңкомандалары БАӘ-ден елге оралды. Халықаралық «UAE SWAT Challenge» жарыстарында мемлекет намысынқорғап, үздік нәтиже көрсетті.
Элиталық турнирдің жүлдегерлері мен қатысушыларын елорда әуежайында жақындары, әріптестері, сондай-ақ күштік құрылымдардың басшылығы салтанатпен қарсы алды.
«Жауынгерлеріміздің жетістігі — бұл жеке жеңістері ғана емес, бүкіл Қазақстанның жеңісі. Бұл еліміздің күштік құрылымдарының қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша міндеттерін тиімді орындауға әрдайым дайын екендіктерін көрсетеді. Сіздер баршаға өз күштеріңізді, төзімділік пен кәсібиліктеріңізді көрсетіп, әлемдік деңгейде арнайы бөліністердің элитасы арасында еліміздің позициясын нығайттыңыздар», — деді Ішкі істер министрі Ержан Саденов.
Бес күн бойы өткізілген «арнайы жасақ арасындағы олимпиада» әлемнің түкпір-түкпірінен 100-ден астам команданы біріктірді. Қазақстанның күштік құрылымдарының атынан 12 команда қатысты.
Әлемнің үздік жауынгерлері шынайы операциялар негізінде жасалған бес күрделі кезеңнен өтті. Әртүрлі тактикалық сценарийлер бойынша әзірленген сынақтар әлемдік стандарттарға сай жабдықталған Дубай полициясының оқу орталығының базасында жүргізілді. Бұл тактикалық операциялар, шабуылдау, адамдарды құтқару, биік нысандарды еңсеру және кедергілерден өту.
Тартысты турнирде қазақстандық командалар жеделдік, ұйымшылдық, дәлдік және біліктіліктерін көрсетті. ІІМ «Сұңқар» командасы үш кезеңде жүлделі орынға ие болды — олардың екеуі «алтын». Жалпы көрсеткіш бойынша«Сұңқар» сайыпқырандары жарыстың күміс жүлдегері атанды.
Басқа да командалар қазақстандық жанкүйерлерді жоғары нәтижелерімен қуантты. Екінші кезеңде Мемлекеттік күзет қызметінің «Sardar А» командасы «алтын» алса, ҚР ҰҚК-ның «Arystan Team» командасы екі кезеңде үздік үштіктен көрінді.
ҚР ІІМ-нің «Tomiris» әйелдер командасы ерекше көзге түсті. Қазақстан атынан нәзік жандылардың құрамасы мұндай жарысқа алғаш рет қатысуда. Бәсекелестіктің жоғарылығына қарамастан олар әйелдер командалары арасында 2-ші орынға ие болды.
Арнайы бөліністер арасындағы бұл турнир биыл алтыншы рет өткізілді. Әр жыл сайын қатысушылар саны да артып келеді. Аталмыш сайысқа алғаш рет 2019 жылы ІІМ Ұлттық ұланының командасы қатысқан. 2023 жылдан бастап бұл қатарға еліміздің басқа да арнайы бөліністері белсенді түрде қосыла бастады.
Өткен жылы қазақстандық арнайы бөліністердің арасында ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің «Sardar» командасы елімізге тарихи жеңіс – жүлделі үшінші орынды сыйлады. Олар тек Дубай полициясының екі командасына есе жіберген болатын.
Турнир заманауи тәсілдер бойынша тәжірибе алмасуға, арнайы жасақтың дайындық деңгейі мен халықаралық ынтымақтастықты арттыруға септігін тигізіп, жалпы жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға оң әсер етеді.
Казахстанские команды спецподразделений вернулись из ОАЭ, где достойно представили страну на престижных международных соревнованиях «UAE SWAT Challenge».
Торжественная встреча призеров и участников элитного турнира прошла в аэропорту столицы. Коллеги, родственники и руководство силовых структур отметили достижения участников турнира.
«Успехи казахстанских бойцов – это не только личные победы, но и достижение всего Казахстана, подчеркивающее высокий уровень подготовки казахстанских силовых подразделений и их готовность эффективно выполнять задачи по обеспечению безопасности. Вы показали миру свою силу, выносливость и профессионализм, укрепив позиции страны среди элиты мировых спецподразделений», – сказал министр внутренних дел Ержан Саденов.
«Олимпиада спецназа» проходила в течение пяти дней, объединив более 100 сильнейших подразделений специального назначения силовых структур со всего мира. Казахстан представили 12 команд из различных силовых структур.
Лучшие подразделения мира участвовали в состязании по пяти сложным этапам, моделирующим реальные спецоперации. Интенсивные испытания в различных тактических сценариях проходили на базе Учебного центра полиции Дубая, соответствующего мировым стандартам. Это тактические операции, штурмовые испытания, спасение людей, преодоление высотных сооружений и полоса препятствий.
В результате упорной борьбы казахстанские команды показали высокие стандарты оперативной готовности, слаженности, точности и уровня квалификации. Команда МВД «Сункар» в трех этапах заняла призовые места, среди которых – два «золота». В общем зачете «сункаровцы» стали серебряными призерами соревнований.
Наградами за призовые места порадовали казахстанцев и другие команды силовиков. «Sardar A» Служба государственной охраны взяла «золото» на втором этапе, «Arystan Team» КНБ РК вошли в тройку призеров на двух этапах. Казахстанские спецподразделения закрепили за собой репутацию одних из сильнейших в мире.
Особое внимание привлекла женская команда «Tomiris» МВД РК, которая впервые представляла Казахстан на подобных соревнованиях. Несмотря на жесткую конкуренцию, она заняла 2-е место среди женских команд, продемонстрировав выносливость, тактическую подготовку и высокий профессионализм.
Международные соревнования среди спецподразделений проходят 6-й год, с каждым разом собирая все больше участников. Впервые на эту международную спортивную площадку вышла команда Национальной гвардии МВД в 2019 году. С 2023 года активно стали подключаться другие спецподразделения Казахстана. В прошлом году первую медаль в истории участия казахстанских спецподразделений в соревновании завоевала команда Службы государственной охраны РК «Sardar», заняв третье место и уступив лишь хозяевам соревнований – двум командам полиции г.Дубай.
Турнир способствует практическому обмену современными подходами, повышению уровня подготовки подразделений спецназа, укреплению международных связей, что в целом положительно влияет на укрепление глобальной безопасности.