Еліміздің 166 ауданынан 37 мың баланың арасындақатаң іріктеуден өткен 8-сыныптың 800-ден астам дарындыауыл оқушылары елордаға «IQanat-2023» олимпиадасыныңРеспубликалық слетіне жиналды. Олардың арасында үздікатану үшін бақ сынайтын Ақмола облысының 52 дарындыауыл оқушысы бар.
Еліміздің ауыл оқушылары арасындағы ең ауқымдыофлайн олимпиаданы «IQanat» қоғамдық қоры ауылбалаларына сапалы білімге жол ашу мақсатындаұйымдастыруда. Соңғы 5 жылда 160 мыңнанастам ауыл мектебінің оқушылары сапалы білім алуғамүмкіндік алды.
Қор бағдарламаларының түлектері – ауылмектептерінің оқушылары Nazarbayev University, University of Purdue, Polytechnic University of Hong Kong, University ofChicago және т.б. университеттерге түсуде.
Бұл жоба Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың ірі бизнес өкілдеріне қоғамды толғандыратын әлеуметтік мәселелердішешуден шет қалмауға жасаған үндеуінің көрінісі.
Осылайша, IQanat әлеуметтік жобасын жүзеге асыруҚордың 100-ден астам қамқоршылары үлесінің арқасындамүмкін болды. Қамқоршылар – ауыл оқушыларынакөмектесіп, балалардың сапалы білім алуына жағдай жасауниетімен біріккен қазақстандық кәсіпкерлер.
Республикалық слёт а.ж. 22 маусым күніне дейінжалғасады. Республикалық слёт аясында соңғы іріктеукезеңі өтіп, 120 жеңімпаз IQanat мектебіне тегін оқуғашақыру алады, ал қалған қатысушылар олимпиададанкейінгі білім беру бағдарламаларымен қамтылатын болады.