«Прокурор сағаты»: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған жоба Ақмола облысында прокуратура органдарының бастамасымен Мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған «Прокурор сағаты» атты ауқымды әрі әлеуметтік маңызы зор жоба жүзеге асырылуда. Жобаның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін арттыру, заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыру, сондай-ақ құқық бұзушылықтар мен балалар арасындағы жарақаттанудың алдын алу. Жоба өңірдегі барлық мектептерде енгізіліп, 6–11 сынып оқушылары үшін сынып сағаттары мен интерактивті сабақтар форматында өткізіледі. Оқыту бағдарламасы жылына 30 сағатқа есептелген және жеті тақырыптық модульден тұрады. Онда Конституция негіздері, құқықтық тәртіп, кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі, жеке және қоғамдық қауіпсіздік, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғаудағы отбасы мен…
Янв
14
2026
