admin

1529 Posts
Мемлекет басшысы: Ұлтымыздың тарихи сана-сезімін жаңғырту өте маңызды

Мемлекет басшысы: Ұлтымыздың тарихи сана-сезімін жаңғырту өте маңызды

ҚазАқпарат – Қазақстан тарихының жаңа ғылыми ұстанымдарға сай әзірленген көп томдық жинағы әлі күнге дейін жарыққа шыққан жоқ. Бұл туралы Түркістанда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Екінші мәселе. Ұлтымыздың тарихи сана-сезімін жаңғырту өте маңызды. Дамыған мемлекеттің бәрі толық зерттелген төл шежіресін дәріптеуге айрықша мән береді. Бұл істе ел тарихының көп томдық жинағы басты рөл атқарады. Қазақстан тарихының жаңа ғылыми ұстанымдарға сай әзірленген көп томдық жинағы әлі күнге дейін жарыққа шыққан жоқ. Өкінішке қарай, стратегиялық маңызы бар осы мәселе тәуелсіздік жылдарында толық шешімін таппады», - деді…
Подробнее
Тарихи тұлғалардың атымен аталған ордендер пайда болады – Ұлттық құрылтай

Тарихи тұлғалардың атымен аталған ордендер пайда болады – Ұлттық құрылтай

ҚазАқпарат – Алдағы Республика күнінде «Ел бірлігі» мемлекеттік наградасының алғашқы иегерелреі белгілі болады. Бұл жайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың негізгі отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Біз мемлекеттік наградалар жүйесін де осы тәсілмен өзгертуіміз керек. Көптеген мемлекеттің орден-медальдарына көрнекті тұлғалардың есімі берілген. Мұндай қадамдар отаншылдық рухты асқақтату үшін қажет. Сондай-ақ, тарихта өшпес із қалдырған әйгілі адамдардың есімін ұрпақ санасына сіңіру үшін керек. Мемлекеттік наградалар жүйесін жетілдіру кезінде бұл тәжірибені байыппен пайдаланған жөн. Қолданыстағы кейбір ордендерді халқымыздың біртуар перзенттерінің есімімен атау мәселесін ойластыру қажет. Мысалы, Бейбарыс Сұлтан және басқа да тарихи тұлғалар атындағы орденнің иегері атану кім-кімге де зор…
Подробнее
Қазақстан Президенті: Мемлекеттік нышандарды жетілдіру қажет

Қазақстан Президенті: Мемлекеттік нышандарды жетілдіру қажет

ҚазАқпарат – Мемлекеттік нышандарды жетілдіру қажет. Бұл туралы Түркістанда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Бірінші мәселе. Мемлекеттік нышандарды жетілдіру қажет. Қазір кез келген елдің ықпалды болуына ұлттық брендтің әсері мол. Сондықтан, оның танымалдығын арттыра түсу керек. Ол үшін бірыңғай дизайн-кодты, ортақ стандартты сақтау өте маңызды. Нышандарымыз бірегей ұлттық кодымызды нақты әрі айқын көрсетуі керек. Мен жақында Ассамблея сессиясында еліміздің Геральдика белгілерін жетілдіру қажеттігі туралы айттым. Алдымен аймақтардың және қалалардың таңбасын бірыңғай үлгіге келтіру керек деп санаймын», - деді Президент. Мемлекет басшысы қазір олардың көбінің мазмұны…
Подробнее
Әділетті Қазақстанды адал азаматтар құрады – Мемлекет басшысы

Әділетті Қазақстанды адал азаматтар құрады – Мемлекет басшысы

ҚазАқпарат – Әр салада адалдық басты орында тұрса, әділ қоғам орнайды. Түркістанда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың негізгі отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осындай пайым айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Шын мәнінде, біз айтып жүрген Әділетті Қазақстанды Адал азаматтар құрады. Бұл – бір-бірімен өте тығыз байланысты ұғымдар. Отанға, отбасына адалдық – парасаттылық пен адамгершіліктің белгісі. Адал еңбек етіп, адал табыс тапқан адам жетістікке жетеді, құрметке ие болады. Ұлы Абай «Адал еңбекпен мал іздемек – арлы адамның ісі» деген. Ал, арлы адам әділетсіздік жасамайды. Әр салада адалдық басты орында тұрса, әділ қоғам орнайды. Жемқорлыққа жол берілмейді, ел мүддесіне сай шешім қабылданады», -…
Подробнее
Президент: Жастарымыз көп сөзге құмар, жағымпаз әрі масыл болмауы тиіс ҚазАқпарат – Қазақтың қонақжайлығы – жақсы қасиет.

Президент: Жастарымыз көп сөзге құмар, жағымпаз әрі масыл болмауы тиіс ҚазАқпарат – Қазақтың қонақжайлығы – жақсы қасиет.

Президент: Жастарымыз көп сөзге құмар, жағымпаз әрі масыл болмауы тиіс ҚазАқпарат – Қазақтың қонақжайлығы – жақсы қасиет. Бірақ, үйдің іші-сыртын қонақ келгенде ғана ретке келтіру дұрыс емес. Түркістанда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Жас ұрпақ тарих тағылымын және елдің жарқын болашаққа ұмтылысын бір арнаға тоғыстырып жатыр. Осылайша, олар ұлттың рухын жаңғыртуда. Осы серпілістің қарқынын сақтай отырып, оны күшейте түсу – мемлекеттің міндеті. Бұл міндетті абыроймен атқарсақ, қазақтың ренессанс дәуірі, яғни түбегейлі өзгерістер заманы келеді», - деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент атап өткендей, жастарға құндылықтарды дәріптеу ісінде аға буынның алар орны…
Подробнее
ҚазАқпарат – Түркістанда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың негізгі отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кез келген тұжырымдама мен доктринаның халыққа түсінікті болуы маңызды екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Кез келген тұжырымдама немесе доктрина қарапайым әрі түсінікті болуы керек. Әйтпесе, бәрі жасанды болып шығады. Ондай идеяны халық қабылдамайды. Өміршең, келешегі зор идеологиялар мемлекет пен қоғамның ортақ ізденісінің арқасында ғана пайда болады. Біз дәстүрлі құндылықтарымызды қазіргі мәдени үрдістермен үйлестіруіміз керек», - деді Мемлекет басшсы. Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық жастарды мақтан тұтатынын атап өтті. «Елімізде отаншыл, жасампаз, батыл, дарынды, білімді, озық әрі еңбекқор жандар өте көп. Мен осындай азаматтарды көргенде болашағымыздың жарқын боларына зор сеніммен…
Подробнее
Әділетті Қазақстанды құру министрлер мен әкімдердің ғана міндеті емес – Тоқаев

Әділетті Қазақстанды құру министрлер мен әкімдердің ғана міндеті емес – Тоқаев

Әділетті Қазақстанды құру министрлер мен әкімдердің ғана міндеті емес – Тоқаев ҚазАқпарат – Түпкі мақсатымызға жету үшін саяси-экономикалық реформа жасау жеткіліксіз. Бұл туралы Түркістанда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Қазақстан – осы геосаяси аймақта саяси жүйесін қысқа мерзім ішінде түбегейлі өзгерткен бірден-бір мемлекет. Тың өзгерістердің арқасында саяси реформалардың Қазақстанға ғана тән ерекше үлгісі қалыптасты. Келешекте де оның мән-маңызы арта бермек. Алайда, қолда бар жетістікке тоқмейілсіп отыруға болмайды. Алда ұзақ жол, ауқымды жұмыс бар. Жалпы, Әділетті Қазақстанды құру министрлер мен әкімдердің ғана міндеті емес. Оған бүкіл қоғам болып жұмылуымыз керек. Ал, түпкі мақсатымызға…
Подробнее
Мемлекет басшысы: Қазақстан бір жыл бұрынғы қалпынан айтарлықтай өзгерді

Мемлекет басшысы: Қазақстан бір жыл бұрынғы қалпынан айтарлықтай өзгерді

ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың негізгі отырысында елдегі рфеормалардың бағдары өзгермейтінін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Бірінші құрылтай Жалпыұлттық референдумнан кейін шақырылды. Содан бері, міне, бір жыл өтті. Бұл Әділетті Қазақстанды құру жолында айрықша маңызы бар тарихи кезең болды. Біз Ата заңымызға әділдік рухын сіңіре отырып, конституциялық реформа жасадық. Бұл өзгерістер мемлекеттігіміздің тұғырын бекіте түсті. Сонымен қатар, еліміздің ұзақ мерзімге арналған демократиялық бағдарын айқындап берді. Биліктің басты институттары қысқа мерзім ішінде мүлде басқаша сипатқа ие болды. Шешім қабылдау үдерісіне азаматтардың қатысу мүмкіндігі едәуір кеңейді. Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесі нығайды. Осының бәрі еліміздің…
Подробнее
Түркістанда Мемлекет басшысының қатысуымен Ұлттық құрылтай басталды  Түркістанда Мемлекет басшысының қатысуымен Ұлттық құрылтай басталды ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістанда Президенттің қатысуымен Ұлттық құрылтай басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістанда Мемлекет басшысының қатысуымен Ұлттық құрылтай басталды Түркістанда Мемлекет басшысының қатысуымен Ұлттық құрылтай басталды ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістанда Президенттің қатысуымен Ұлттық құрылтай басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістанда Мемлекет басшысының қатысуымен Ұлттық құрылтай басталды Түркістанда Мемлекет басшысының қатысуымен Ұлттық құрылтай басталды ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістанда Президенттің қатысуымен Ұлттық құрылтай басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Президент жанынан құрылған Ұлттық құрылтайдың екінші отырысы Түркі халықтарының түпкі төрі Түркістан қаласында өтіп жатыр. Алқалы жиынға қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, БАҚ басшылары және сарапшылар қатысып жатыр. Айта кетейік, кешегі күні Ұлттық құрылтайдың екінші отырысы аясында жұмыс секцияларының отырысы өткен болатын. Онда «Қоғамдық консолидация», «Мәдениет. Өнер. Руханият», «Білім және ғылым» жұмыс секциясына бөлінген сала мамандары ел ішіндегі мәселелерді көтеріп, шешу жолдарын ұсынды. Жұмыс секциясы отырыстарының қорытындысы бойынша, Ұлттық құрылтай мүшелерінің…
Подробнее
Второе заседание Национального курултая с участием Президента РК стартовало в Туркестане

Второе заседание Национального курултая с участием Президента РК стартовало в Туркестане

  КАЗИНФОРМ – В Туркестане стартовало второе заседание Национального курултая с участием Президента РК Касым-Жомарта Токаева, передает корреспондент МИА «Казинформ». Первый Национальный курултай состоялся в прошлом году в июне в Улытау. Встреча проходила с участием Главы государства. Год назад Президент заявлял о необходимости приведении в соответствие с Конституцией законов страны после референдума и принятии более 20 новых законопроектов для комплексной модернизации в Казахстане. Глава государства призвал не спешить с искусственным переходом с кириллицы на латиницу, подчеркнув, что это сложный лингвистический вопрос, требующий всестороннего, глубокого анализа. Также следует придерживаться принципа «разные мнения, единая нация». «Важнейшие вопросы, значимые для будущего нашей страны, лучше решать не путем конфликтов, а…
Подробнее