Президент Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңды мақұлдады
Президент Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңды мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Мемлекет басшысы «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады», - деп жазылған Ақорданың ресми сайтына жарияланған құжатта. Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына да қол қойды. Бұл заңның мәтіні де баспасөзде жарияланады. Айта кетейік, заң нормаларына сәйкес қайтару тетіктері ірі сыбайлас жемқорлық субъектілеріне және әкімшілік-билік ресурстары (байланыстары, ықпалы) бар адамдармен сыбайлас олигополиялық топтарға қолданылады. ▪️Заң жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын(атқарған) субъектілерге, мемлекеттік заңды тұлғаларға, квазимемлекеттік сектор…