Салық пен мобильді аударым: Таксистер мен дүкеншілердің табысы қалай бақыланады
2023 жыл аяқталарда халық арасында енді дүкендер, таксилер онлайн аударымдарды қабылдамайтынын, қайтадан қолма-қол ақшаға көшетінімізді айтып, азаматтар абдырап қалды. Бұл дүрбелең бүгін де әлі басылмай отыр. Халықтың алаңдауына не себеп? Мобильді аударым мен мобильді төлем деген не? Сұрақтардың жауабын іздеп көрейік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. Соңғы жылдары банктердің мобильді қосымшаларының танымалдығы өсті, кәсіпкерлер оларды тауарларды сату және қызметтерді көрсету үшін төлемдерді қабылдау үшін көбірек пайдаланады. Қазақстанда 2023 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 86%-ға дейін өсті. 6 жастан асқан балалар да қолма-қол ақшасыз төлемдерді белсенді пайдаланады, ата-аналардың 41,4%-ы балаларына карта рәсімдеген. Алайда, жеке кәсіпкерлер өткізген тауарлары мен…