Өнеркәсіп, ауызсу және егіс: Шортанды ауданы бес айдың қорытындысын жариялады Ақмола облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Шортанды ауданының әкімі Сағындық Шабаров 2025 жылдың қаңтар–мамыр айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерімен бөлісті. Баяндаманың негізгі бағыттары — өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сумен қамту және инвестициялар. Ауданда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 63,3 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш бойынша Шортанды облыс көлемінде 5-орынды сақтап отыр. Алайда нақты көлем индексі 87,5%-ға дейін төмендеген. Бұл уақытша жағдай өндірістік нысандардың кейбірінде жұмыстың тоқтап қалуымен байланысты. Мәселен, бес айда 817 кг алтын мен 274 кг күміс өндірілді — бұл өткен жылмен салыстырғанда аз. Бұған «Алтын Алмас» кәсіпорнына тиесілі екі карьердің…
Июн
19
2025