Ақмола облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру қалай жүргізілуде
Бұл туралы брифингте Ақмола облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Шолпан Рахматуллина хабарлады. 2024 жылы бекітілген Өңірлік карта және Облысты дамыту жоспары аясында жаңа жұмыс орындарын, оның ішінде тұрақты шамамен 26 мың, уақытша шамамен 6,5 жұмыс орындарын құру жоспарланып отыр. 7 айдың қорытындысы бойынша 16 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылған. Ұлттық жобалар мен Тұжырымдамалар аясында инфра құрылымдық жобаны іске асырумен азаматтар жұмысқа орналастырылды. Ағымдағы жылды қандас мәртебесі 398 отбасына беріліп, Өңірлік квотада көрсетілген қандастар қабылданды. Облыс бойынша атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 1 жастан 6 жасқа дейінгі 2047 балаға қосымша төлем төленген. Ақмола облысы бойынша "AMANAT"…