АЭС ҚҰРЫЛЫСЫ БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫНА ЗОР СЕРПІН БЕРЕДІ – РАЙЫМБЕК БАТАЛОВ
2024 жылғы 27 тамыз 2031 просмотров Бүгін Үкімет Қазақстанда атом электр станциясын салу туралы бастама көтерді. Біздің алдымызда еліміздің одан әрі экономикалық, саяси және әлеуметтік дамуының векторын айқындайтын маңызды таңдау тұр. Референдум қарсаңында еліміздің бірнеше өңірлерінде қоғамдық тыңдаулар өтті. Мамандар бұл тақырыпты қызу талқылап, түрлі пікірлерін білдіруде. Олардың көпшілігі Қазақстанның бейбіт атом энергиясынан қуат алатын алпауыт ел болғанын қалайды. Ел болашағын айқындайтын жауапты шешімнен Ұлттық палата да шет қалмады. Біз әлемдік тәжірибеге, осы саладағы ғалымдар мен мамандардың – сала мамандарының дәлелдеріне сүйенеміз. Өздеріңіз білесіздер, «Атамекен» сарапшылары түрлі алаңдарда өз ұстанымдарын дәлелдеп келеді. Ұлттық палата Үкіметтің бұл бастамасын толығымен қолдайды. Атом электр станциясының…