admin

4369 Posts
*«ATAMNYN AMANATY» ҰЙЫМЫ -ҰРПАҚ САБАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ҰЙТҚЫСЫ* Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2026 жылғы 05 қаңтарда «Түркістан» газетіне берген сұқбатында «Әскери қызметтің абырой-беделін көтеру және еліміздің қорғаныс қабілетін арттыру – мемлекеттің басты басымдығының бірі. Қарулы Күштерімізді технологиялық тұрғыдан жаңғырту жұмысы қарқынды жүргізіле бастады. Былтыр Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай өткізілген әскери шеруді шетелдік саясаткерлер мен әскери қайраткерлер жоғары бағалады, бұл іс-шара армиямыздың заманауи қару-жарақпен және техникамен, соның ішінде Қазақстанда жасалған өнімдермен толық жабдықталғанын, сондай-ақ, әскери қызметшілеріміздің дайындығы өте жақсы екенін айқын көрсетті» деген болатын. «Atamnyn Amanaty» ұйымының миссиясы - тарихи жадыны сақтау, ұрпақтар сабақтастығын арттыру, жастарға рухани-адамгершілік және әскери-патриоттық тәрбие беру…
Подробнее
Как индивидуальный предприниматель, считаю Пятый Курултай значимым и своевременным событием, ставшим важной площадкой для открытого диалога и обсуждения актуальных вопросов социально-экономического развития страны, укрепления общественного согласия и поддержки предпринимательской инициативы. Мероприятие отличалось высоким уровнем организации и содержательным наполнением, что позволило рассмотреть ключевые темы в конструктивном и деловом формате. Особую ценность для бизнес-сообщества представило внимание, уделённое развитию малого и среднего предпринимательства, созданию благоприятных условий для ведения бизнеса, расширению мер государственной поддержки и повышению роли предпринимателей в развитии регионов. Обсуждаемые инициативы и предложения носили практический характер и были ориентированы на реальные потребности индивидуальных предпринимателей. Отдельно хочется отметить атмосферу открытости и конструктивного взаимодействия.…
Подробнее
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Елімізде танымдық әрі тағылымдық мәні зор тарихи орындар мен құнды жәдігерлер аз емес. Мысалы таза ағаштан салынған Жаркент мешіті – қытай сәулетшілері мен ұйғыр шеберлерінің қолынан шыққан бірегей туынды. Алматыдағы «Вознесенск кафедралды шіркеуі» де – айрықша тарихи нысан. Татулық пен достықтың символы саналатын осы екі ғимаратты «Бірлігіміз – әралуандықта» қағидатының іс жүзіндегі көрінісі деуге болады. Ұлы даланың әрбір тау-тасы халқымыздың сан ғасырлық жылнамасынан сыр шертеді. Соның бірі – қойнауы қазынаға толы Қаратау петроглифтері. Төрт мың жылдық тарихы бар таңбалы тастар төл өркениетіміздің тамыры тым тереңде жатқанын көрсетеді. Ғалымдарымыз Қызылорда жеріндегі Сауысқандық пен Түркістан облысындағы Арпа өзеннен жалпы саны…
Подробнее
⚡️Мемлекет басшысы: «Қазіргі таңда жастар арасында Қазақстан өрлеу кезеңіне қадам басты деген пікір бар. Жас буын өкілдері жаңа қоғамдық этиканы, креативті индустрияны дамытуға зор үлес қосуда. Әлем елдері қазіргі қазақ өнерін ерекше құбылыс деп бағалайтын болды. Кино саласы да дамып жатыр. Жас ұрпақтың ұлттық бірегейлігімізді өнерімен айшықтап, ұлтымызды жаһан жұртына танытуы – зор мақтаныш. Жастардың күш-қуаты мен ынта-жігері, жаңашылдығы мен жасампаздығы кез-келген салаға зор серпін береді. Сондықтан біз өскелең ұрпаққа әрдайым жан-жақты қолдау көрсетеміз. Олардың ұлттық құндылықтармен қатар жаңа заманның жақсы қасиеттерін бойына сіңіруіне барынша жағдай жасаймыз». t.me/aqorda_resmi
Подробнее
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Осы ретте, Ұлттық құрылтай айрықша рөл атқарғаны сөзсіз. Төрт жылда құрылтай мүшелері ел өміріне ықпал ететін көптеген маңызды бастама көтерді. Ұлттық құрылтайда айтылған ұсыныстардың негізінде 26 заң қабылданды. Осының өзі Құрылтай ауқымды реформалардың негізгі қозғаушы күші болғанын айқын көрсетеді. Әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін нақты қадамдар жасалды. Лудоманияға, яғни ойынқұмарлыққа және нашақорлыққа қарсы белсенді күрес жүргізіле бастады. Ономастика саласындағы жұмыстар ретке келтірілді. Мемлекеттік наградалар жүйесіне жаңадан құрметті атақтар енгізілді. Сол арқылы еңбек адамдарының мәртебесі арта түсті. Бұдан бөлек біз ұлттың жаңа сапасын қалыптастыратын басты құндылықтарымызды айқындап алдық. Ұрпақтың болашағына зиянын тигізетін кеселдерге барынша тосқауыл қоятын…
Подробнее