Асуан Сиябеков, инженер: Біз әлемдік тәжірибеге сүйенеміз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында АЭС салу тақырыбына арнайы тоқталды. «Айқын» ақпарат 05/09/2024 05:20 428 оқылды Белгілі болғандай, 6 маусымда жалпыұлттық референдум арқылы АЭС керек пе, жоқ па деген сұраққа нүкте қойылатын болады. Осы орайда біз «Қазақстан атом электр станциялары» ЖШС-ның атом энергетикасы бөлімінің жетекші инженері Асуан Сиябековті әңгімеге тартқан едік. – Сіздіңше, Қазақстанға атом электр стансасы керек пе? – АЭС салу немесе салмау мәселесінде біз көп жағдайда әлемдік тәжірибеге сүйенеміз. Бүгінде әлем бойынша 31 елде 415 атом реактор бар. Басым көпшілігі дамыған елдерде, дамушы елдерде де бар. АҚШ-та,…