admin

2255 Posts
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Беделді саясаткерлер мен сарапшылар «дүние жүзі жаппай берекесіздік жайлаған немесе болашағы бұлыңғыр жаңа заманның қарсаңында тұр» деген пікір білдіре бастады. Басқаша айтқанда, әлемдегі ескі тәртіп күйреп жатыр, ал жаңа дәуірдің сұлбасы әлі нақты айқындалған жоқ. Көз алдымызда тарихтың жаңа айналымы басталып жатыр» t.me/aqorda_resmi   Касым-Жомарт Токаев: «Звучат мнения авторитетных политиков и аналитиков, что мир находится в преддверии неуправляемого хаоса или нового смутного времени. Другими словами, старый миропорядок рушится, а контуры нового времени пока четко не проявились. Буквально на наших глазах история выходит на новый виток спиралевидного развития» t.me/aqorda_resmi
Подробнее
Мемлекет басшысы: «Үкімет осы қағиданы негізге ала отырып, облыстардың еншісіндегі әлеуметтік салықты сақтап қалу туралы шешім қабылдады. Алайда облыс әкімдері бюджет қаржысын үнемдеп, тиімді пайдалануы керек. Елге пайдасы тиетін әлеуметтік маңызы бар жобаларға басымдық беру қажет. Бүгін айтылған бастамалар мен жобалар аймақтардың біркелкі дамуына ықпал етіп, еліміздің одан әрі өркендеуіне жол ашады деп сенемін» t.me/aqorda_resmi   Глава государства: «Следуя ему, Правительство приняло решение оставить в силе социальный налог, поступающий в распоряжение областей. Но акимы областей должны рационально и рачительно расходовать бюджетные средства с упором на социально значимые проекты, идущие на пользу народу. Уверен, что представленные сегодня инициативы и проекты будут…
Подробнее
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Биыл Көкшетауда көпфункционалды спорт кешенінің құрылысы басталады. Бұл Қазақстанда теңдесі жоқ орталық болмақ. Осы жобаны арнаулы мемлекеттік қордан, яғни заңсыз активтерді қайтару есебінен қаржыландыру керек. Үкіметке осы мәселені пысықтауды тапсырамын. Үш жылдың ішінде екі триллион теңгеден астам заңсыз активтер елге қайтарылды. Бұл қаржының аймақтардағы өзекті экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуге жұмсалып жатқаны өте маңызды. «Қуатты аймақтар – қуатты ел» ұстанымы – менің саяси бағдарымдағы мызғымас қағиданың бірі» t.me/aqorda_resmi   Касым-Жомарт Токаев: «В Кокшетау в текущем году начнется возведение многофункционального спортивного комплекса, не имеющего аналогов в Казахстане. Правительству необходимо проработать финансирование данного проекта из Специального государственного фонда, который пополняется…
Подробнее
Президент: «Астанада шығармашылыққа арналған үйірмелерді де, жекелеген спорт секцияларын да ашып, көпке үлгі болып отырған жекеменшік Балаларды дамыту орталығы бар. Бұл тәжірибені басқа аймақтарда да қолданған жөн. Мемлекет барлық аймақта спорт инфрақұрылымын дамытуға баса мән береді. Биыл Астанада Ұлттық спорт университетінің, Түркістанда ескек есу спортына арналған каналдың, Қызылордада футбол стадионының, Жетісу облысында денешынықтыру-сауықтыру кешенінің, Оралда ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған спорт кешенінің құрылысы аяқталады» t.me/aqorda_resmi   Президент: «В Астане есть успешный пример частного детского развивающего центра, в котором имеются как творческие кружки, так и отдельные спортивные секции. Нужно распространить такой опыт на регионы. Государство уделяет особое внимание развитию спортивной инфраструктуры…
Подробнее
Мемлекет басшысы: «Сондықтан мен кәсіпкерлерді клубтық футболға бизнес ретінде қарауға шақырамын. Футбол клубтары жекеменшікке өтпей, іс алға баспайды. Бұл – әлемдік тәжірибе. Клубтар жекеменшік болса, шетел спортшыларын шақыру құқығына ие болады. Спортты насихаттау, оны әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында дәріптеу – ұлт саулығының кепілі. Соңғы жылдары мемлекет қолдауының нәтижесінде балалар спорты қарқынды дами бастады. Бірақ, бұл – жеткіліксіз. Сондай-ақ бизнес өкілдері өскелең ұрпақты дене шынықтыруға және спортқа баулу ісіне зор үлес қоса алады деп ойлаймын» t.me/aqorda_resmi   Глава государства: «Поэтому призываю предпринимателей посмотреть на клубный футбол как на бизнес. Мировой опыт показывает, что без приватизации дело не сдвинется с места.…
Подробнее
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Сонда ғана біз бүкіл әлемге танымал әрі әлеуметтік, бұқаралық спорт саналатын осы ойынды жаңа деңгейге көтере аламыз. Балаларды, жасөспірімдерді футболға қызықтыру арқылы лудомания, нашақорлық мәселесін біршама шешуге болады. Осы салаға жауапты министрлік, Футбол федерациясы, жергілікті атқарушы органдар, кәсіпкерлер клубтық футболды коммерцияландыруға нақты кірісуі керек. Клубтар облыстық бюджеттерге ғана арқа сүйемей, шетелдердегі секілді өздері де табыс табуды үйренуі керек» t.me/aqorda_resmi   Касым-Жомарт Токаев: «Только так мы сможем поднять на новый уровень этот популярный во всем мире спорт, который является социальным, массовым. Привлекая детей, юношей к футболу, мы сможем в значительной степени решить проблему лудомании, наркотизма. Профильное министерство, Федерация футбола,…
Подробнее
Президент: «Ақмола облысының өкілдері қысқы спорт түрлері бойынша әлемдік және құрлықтық бәсекелерден ел қоржынына жүлде салуға үнемі мол үлес қосып жүр. Елімізде футболды дамытуға баса мән беру керек деп санаймын. Демеушілер қаржысы есебінен облыстық стадиондардың көпшілігін жаңғырту қажет немесе жаңа футбол стадиондарын салуды қолға алған жөн. Әрбір облыс, аудан орталығында, кент пен ауылда балаларға арналған футбол алаңы болуға тиіс. Бұл – алдағы екі жылдың міндеті. Оның орындалуын тексереміз» t.me/aqorda_resmi   Президент: «Представители Акмолинской области традиционно вносят большой вклад в копилку страны на мировых и континентальных соревнованиях в зимних видах спорта. Здесь считаю необходимым обратить особое внимание на развитие футбола по…
Подробнее
Мемлекет басшысы: «Аймақтағы көрікті әрі киелі орындардың бәрі өзара кіріктіріліп, үйлестірілген ауқымды туристік кластер қалыптастыру маңызды. Бұл ретте жеке туристік нысандар салу үшін жер телімдерін бөлген кезде заңның сақталуын мұқият қадағалау керек. Облыстағы ерекше табиғи-климаттық жағдай заманауи сауықтыру кешендерін ашуға зор мүмкіндік береді. Спорттың түрлі саласынан, әсіресе, қысқы спорттан ұлттық құрамаларды даярлау үшін өңірдегі спорт базаларын дамыта беру керек» t.me/aqorda_resmi   Глава государства: «Важно последовательно выстраивать большой туристический кластер, в который будут органично интегрированы все природные жемчужины и сакральные места региона. При этом нужно внимательно следить за соблюдением законности при выделении земельных участков под строительство частных туристических объектов. Уникальные природно-климатические…
Подробнее
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жаңадан салынатын Конгресс-орталық Бурабайдың бетке ұстар орны болуы қажет. Орталық іске қосылатын болса, демалыс аймағына жұрттың қызығушылығы да арта түседі. Сондай-ақ туристік маусымнан тыс уақытта адамдар көптеп келе бастайды. Үкімет пен әкімдікке осы мәселені тыңғылықты қарастыруды тапсырамын. Облыстың орасан зор туристік әлеуеті Шучинск-Бурабай аумағымен ғана шектелмейді. Демалыс аймағы ретінде мүмкіндігі мол Зеренді, Сандықтау, Ақкөл және басқа да жерлерді жан-жақты дамыту қажет» t.me/aqorda_resmi   Касым-Жомарт Токаев: «Визитной карточкой региона должен стать новый Конгресс-центр, который будет построен в Бурабае. Возведение объекта не только усилит туристическую привлекательность курорта, но и решит проблему его загрузки в межсезонье. Поручаю Правительству и акимату региона…
Подробнее
Президент: «Қазірдің өзінде алыс-жақын шетелдерге кеңінен танымал Бурабай жерінің мол мүмкіндіктері бар. Осы курорттық аймақты дамытудың 2029 жылға дейінгі кешенді жоспары қабылданды. Оны жүзеге асыру үшін шамамен 140 миллиард теңге бөлінеді. Қаржының жартысына жуығы – жеке инвестициялар. Үкімет пен облыс әкімдігі құжатта көрсетілген міндеттерді сапалы орындауға тиіс. Ең алдымен Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы инфрақұрылымды дамыту қажет. Барлық экологиялық талаптар қатаң сақталуға тиіс. Туристерге әлемдік стандарттарға сай қызмет көрсетілуі керек» t.me/aqorda_resmi   Президент: «Большими перспективами обладает Бурабай, который уже приобрел широкую международную известность. Принят Комплексный план развития курортной зоны до 2029 года. На его реализацию будет направлено около 140 миллиардов тенге, почти…
Подробнее