admin

2255 Posts
> Aqorda 🇰🇿: ⚡️Президент: «Адамға салынған инвестиция – мемлекеттің ең сенімді әрі дұрыс салымы. Біз білім-ғылым, медицина, спорт, креативті индустрия салаларына қомақты қаржы бөлуді жалғастыра береміз. Азаматтардың өзін жан-жақты дамытуы үшін барлық жағдайды жасаймыз. Себебі қазіргі заманда жекелеген адамдардың табысты болып, бақуатты өмір сүруі нағыз қуатты мемлекеттің көрсеткіші саналады. Мен жоғарыда атап өткен басымдықтар, яғни цифрландыру мен жасанды интеллект, энергетика, агроөнеркәсіп секторы және адам капиталы Қазақстанның жаңа әлемдегі орнықты дамуына жол ашатын негізгі факторлар болатыны анық» t.me/aqorda_resmi > Aqorda 🇰🇿: ⚡️Президент: «Инвестиции в людей – самые надежные и правильные вложения государства. Мы продолжим вкладывать значительные средства в образование и науку,…
Подробнее
> Aqorda 🇰🇿: ⚡️Мемлекет басшысы: «Ұлттық қор – балаларға» және «Келешек» бағдарламалары, тегін орта білім, колледждер мен жоғары оқу орындарында білім алуға бөлінетін өте көп гранттар – мұның бәрі өскелең ұрпақтың қадамы нық болуына септігін тигізетін сан алуан шараның бір бөлігі ғана» t.me/aqorda_resmi > Aqorda 🇰🇿: ⚡️Глава государства: «Программы «Нацфонд – детям» и «Келешек», бесплатное школьное образование, большое количество грантов на обучение в колледжах и вузах – это лишь часть мер, которые помогают подрастающему поколению встать на ноги» t.me/aqorda_resmi
Подробнее
> Aqorda 🇰🇿: ⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мен «Біздің басты күшіміз – адам және оның жасампаздық әлеуеті» деп үнемі айтып келемін. Өйткені білімді, еңбекқор әрі мақсатшыл азаматтар елімізді табысқа жеткізеді. Қазірдің өзінде Қазақстанда азаматтарға дүниеге келгеннен бастап өмір бойы жәрдем беретін тиімді мемлекеттік қолдау жүйесі бар» t.me/aqorda_resmi > Aqorda 🇰🇿: ⚡️Касым-Жомарт Токаев: «Я постоянно говорю, что наша главная сила в людях, в их созидательном потенциале. Потому что именно образованные, трудолюбивые и целеустремленные граждане приведут нашу страну к успеху. В Казахстане уже сформирована эффективная система господдержки, сопровождающая граждан с момента рождения и на протяжении всей жизни» t.me/aqorda_resmi
Подробнее
> Aqorda 🇰🇿: ⚡️Президент: «Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы әлеуеті зор екені белгілі. Енді соны тиімді пайдаланатын кез келді. Еліміздің әуелгі мүмкіндіктеріне қарасақ, біз әлдеқашан әлемдегі алпауыт аграрлық мемлекеттің бірі болуға тиіс едік. Бірақ ауыл шаруашылығына жеткілікті қаржы салынған жоқ. Бұл саланы жемқорлар мен алаяқтар иемденіп келді. Олардың ішінде мемлекеттік қызметшілер де болды. Жалған мәліметтердің кесірінен мемлекет қағаз жүзіндегі мал санына жылдар бойы субсидия төледі. Қазір қордаланған мәселенің бәрін шешіп, агроөнеркәсіп кешенін жаңа деңгейге көтеру үшін көп жұмыс жасалып жатыр. Біз алдағы бес жылда ауыл шаруашылығының жалпы өнімін екі есе көбейтіп, осы саладағы еңбек өнімділігін үш есе арттыруымыз керек. Бұл – өте…
Подробнее
> Aqorda 🇰🇿: ⚡️Мемлекет басшысы: «Осы міндеттің айрықша маңызды екенін ескеріп, мен Президент жанындағы Ядролық энергетика агенттігін құру туралы шешім қабылдадым. Біз газ бен көмір өндіру ісіндегі мүмкіндіктерімізді, сондай-ақ жаңартылатын қуат көздерінің әлеуетін толық пайдалануымыз керек» t.me/aqorda_resmi > Aqorda 🇰🇿: ⚡️Глава государства: «С учетом исключительной важности данной задачи мною принято решение создать Агентство по ядерной энергетике при Президенте. Нам предстоит в полной мере реализовать свои возможности в газовой и угольной генерации, а также потенциал возобновляемых источников энергии» t.me/aqorda_resmi
Подробнее
> Aqorda 🇰🇿: ⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Азаматтарымыз референдумда бірінші атом электр стансасын салу туралы шешімге қолдау көрсетіп, осы міндетті орындауға жол ашып берді. Бұл қадам алыс болашақтағы ахуал қалай болатынын ескере отырып, энергетика саласын кешенді түрде, жан-жақты ойластырып дамыту қажеттігін көрсетеді. Мәселе еліміздің энергияға деген қазіргі сұранысын қанағаттандыруға ғана тіреліп тұрған жоқ. Біз үшін ел экономикасының ондаған жыл бойы қарқынды дамуына берік негіз болатын жаңа энергетика саласын қалыптастырудың стратегиялық маңызы бар. Мен, дәл сол себепті, Қазақстанға бір емес, үш атом электр стансасын салып, ақырында толыққанды ядролық кластер қалыптастыру қажет деп есептеймін» t.me/aqorda_resmi > Aqorda 🇰🇿: ⚡️Касым-Жомарт Токаев: «Одобрив на референдуме решение…
Подробнее
> Aqorda 🇰🇿: ⚡️Президент: «Біз мәліметтерді сақтайтын және өңдейтін мықты желі түзіп, технологиялық өнімдерді жаппай экспорттауға кірісуіміз керек. Цифрландыру ісін табысты жүргізу және жасанды интеллектіні жаппай енгізу еліміздің энергетикалық әлеуетіне тікелей байланысты. Әлемнің цифрландыру ісіне және жасанды интеллектіге негізделген жаңа технологиялық қалыпқа көшуі энергияны көп қажет ететін үдеріс екенін түсіну керек. Мұндай жағдайда аймақтағы және дүние жүзіндегі энергия тапшылығы үздіксіз арта береді. Сондықтан Қазақстан өзін электр қуатымен толық қамтамасыз етіп қана қоймай, оны әлемдік энергетика нарығына да экспорттайтын ірі елге айналуы керек. Бұл – уақыт талабы» t.me/aqorda_resmi > Aqorda 🇰🇿: ⚡️Президент: «Нам предстоит создать мощную архитектуру хранения и обработки данных,…
Подробнее
> Aqorda 🇰🇿: ⚡️Мемлекет басшысы: «Цифрландыру және жасанды интеллектіні қолдану ісінде еліміз зор жетістікке жете алады. Біз қазірдің өзінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Электронды үкіметтің даму деңгейі жөніндегі рейтингінде 190 мемлекеттің ішінен алғашқы 25 елдің қатарына кіріп тұрмыз. Бірақ, мұнымен шектеліп қалуға еш болмайды. Жоғары технологиялар экономиканың және мемлекетті басқару ісінің барлық саласын дамытуға тың серпін беріп, алға бастайды. Үкімет озық цифрлық тәсілдерді және жасанды интеллектіні жаппай енгізу үшін қолайлы орта қалыптастыруға арналған жұмысты еселеп күшейтуге тиіс» t.me/aqorda_resmi > Aqorda 🇰🇿: ⚡️Глава государства: «Что касается цифровизации и внедрения искусственного интеллекта, то у нашей страны есть возможность добиться прорыва. Казахстан уже сейчас…
Подробнее
> Aqorda 🇰🇿: ⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Меніңше, Қазақстанның кемінде төрт салада орасан зор мүмкіндіктері бар. Осы салаларда біз өз елімізді қамтамасыз етіп қана қоймай, аймақтық, тіпті, жаһандық ауқымда ықпалымызды жүргізе аламыз. Цифрландыру ісі мен жасанды интеллект, көлік тасымалы, энергетика, агроөнеркәсіп кешені және адам капиталы негіз болады» t.me/aqorda_resmi > Aqorda 🇰🇿: ⚡️Касым-Жомарт Токаев: «На мой взгляд, у Казахстана есть огромные возможности как минимум в четырех направлениях, по которым мы способны не только стать самодостаточными, но и задавать тон в региональном и даже глобальном масштабе. Цифровизация и искусственный интеллект, транспортный транзит, энергетика, агропромышленный сектор, и, конечно, особняком стоит человеческий капитал» t.me/aqorda_resmi
Подробнее
Президент: «Тәуелсіздігіміздің 40 жылдығы жақындап келеді. Осы маңызды белеске қандай жетістікпен жетерімізді, оған дейін қандай тарихи міндеттерді орындауға тиіс екенімізді нақты білу маңызды. Біз шындыққа тура қарауымыз керек. Еліміз бәрінен оза шауып, барлық салада және барлық бағытта бірінші қатарда бола алмайтынын түсінуіміз қажет. Сондықтан біз өзіміздің басқалардан басым түсетін мықты тұстарымызды жақсы білуге тиіспіз» t.me/aqorda_resmi > Aqorda 🇰🇿: ⚡️Президент: «Уже в обозримой перспективе нас ждет 40-летие Независимости. Крайне важно иметь четкое представление, с каким багажом мы подойдем к этому знаковому рубежу, какие исторические задачи мы должны решить к этому времени. Мы должны быть реалистами и понимать, что не можем быть…
Подробнее