Избран аким села Жаксы
Жақсы ауданы Жақсы ауылының сайланған әкімін тіркеу туралы Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 наурыздағы №20 шешімімен Жақсы ауылының әкімі болып Калентонок Евгений Евгеньевич тағайындалды. Калентонок Евгений Евгеньевич 1985 жылы туған. Білімі жоғары, Қазақстан Республикасы Құрлық әскерлерінің Әскери институтын бронетанктік және автомобиль техникасын пайдалану жөніндегі инженер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2007 жылы бастаған. 2007-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарында қызмет атқарды, 2013-2017 жылдары – Алматы, Қапшағай қалалары әскери бөлімдерінің командирі, командирінің орынбасары болды. 2018-2021 жылдары-Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарында қызмет атқарды. Тағайындалғанға дейін "Урожай"ЖШС бас инженері болып жұмыс істеді. __________ Решением Жаксынской районной территориальной избирательной…