Тіркеу науқанының бірінші айында 60 мыңнан астам қазақстандық емханаға алғаш рет тіркелді
Жыл сайын 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында өткізілетін тіркеу науқаны шеңберінде қазақстандықтар қызмет көрсету емханасын ауыстыра алады. Осы жылы 700-ге жуық медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдарының (МСАК) арасынан емхананы таңдауға болады. Оның 341-і жеке меншік. Қор атап өткендей, науқанның алғашқы айында 60 мыңнан астам қазақстандық алғаш рет МСАК ұйымдарына тіркелген. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тіркеу науқаны 2022 жылдың 15 қарашасына дейін жалғасатынын еске салды. Бұл кезеңде тұрғындар 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қызмет көрсетілетін емхананы таңдай алады. «Тіркеу науқанына барлығы 696 МСАК ұйымы қатысады. Олардың 67-сі науқанға алғаш рет қатысып отыр, яғни Қор олармен медициналық қызметтерді сатып…