Қатаркөл ауылында «Көшпелі қабылдау» акциясы өтті 2025 жылғы 25 маусымда Бурабай ауданының прокуратурасы «Заң мен Тәртіп» апталығының басталуына орай уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп Қатаркөл ауылдық округі аумағында «Көшпелі қабылдау» акциясын өткізді. Іс-шара барысында халыққа ыңғайлы болу үшін азаматтарды қабылдау ұйымдастырып, өтініштер қабылданды, құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ әлеуметтік қорғау, құқық қорғау органдарының қызметі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жер және тұрғын үй заңнамасына қатысты мәселелер бойынша кеңестер берілді. Акцияны өткізудің негізгі мақсаты – прокуратура органдарының ашықтығы мен қолжетімділігі қағидаттарын нығайту, сондай-ақ азаматтарды толғандыратын өзекті мәселелерді жедел шешу болды. #Заң_мен_Тәртіп ДЭР Акмолинской области борется с финансовыми преступлениями: лекции и предупреждения для…
Июн
26
2025