Ассамблея реформаларды қоғамдық тұрғыда қолдаудыкеңейтуге ықпал етті. Бұл туралы бүгін елордада Қазақстанхалқы Ассамблеясының сессиясында Мемлекет басшысыҚасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпараттілшісі.
Президенттің айтуынша, еліміздегі ауқымды түрлендірубарысында Ассамблеяға ерекше көңіл бөлінді. Бұл бірегейинститут халықаралық озық тәжірибеге толығымен сәйкескелетін парламенттік өкілдіктің жаңа тетіктеріне ие болды.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблеяныңұсынысы бойынша Президент тағайындайтын Сенаттың бес депутаты заңнамалық деңгейде кері байланысты, қоғамдықбақылауды қамтамасыз етуге және ПарламенттеҚазақстанның барлық этностарының мүдделерін білдіругежұмылдырылғанын айтты.
Мұнымен қоса, Ассамблеяның 12 мүшесі Ұлттық Құрылтайқұрамына еніп, оның жұмысына жалпыұлттық диалогтыңәмбебап үлгісін ілгерілетуде баға жетпес тәжірибе әкелді.
Мемлекет басшысының сөзіне қарағанда, Ассамблея еліміздің саяси жаңғыруында, жалпыұлттық бірліктінығайтуда маңызды рөл атқарды. Ассамблея реформалардықоғамдық тұрғыда қолдауды кеңейтуге, мемлекет дамуыныңстратегиялық міндеттерін шешуге барлық этностардытартуға ықпал етті.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Президент Қасым-ЖомартТоқаевтың қатысуымен Қазақстан халқы АссамблеясыныңХХХІІ сессиясы басталды.
ХХХІІ сессияның тақырыбы – «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму».
https://www.inform.kz/kz/assambleya-zhalpyulttyk-birlikti-nygaytuda-manyzdy-rol-atkardy-prezident_a4061574