Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің басты міндеттерінің бірі – көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтіру және олардың сақталуын қамтамасыз ету.
Жергілікті елді мекендерде жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер үлкен сұранысқа ие екені баршаға мәлім. Сонымен қатар, аталған саладағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына, қызмет берушілердің негізсіз бас тартуларына қатысты шағымдар саны да жиі түседі.
Осылайша, ағымдағы жартыжылдықта Департаменттің ден қою шаралары нәтижесінде 62 азаматқа әр түрлі мақсаттар үшін жер учаскелері ұсынылды.
Мысалы, кәсіпкер Көкшетау қаласының әкімдігіне қосымша ауданы 0,04 гектар жер телімін ұсыну туралы өтінішпен жүгінген. Алайда, мемлекеттік қызметті көрсету туралы өтініште нысаналы мақсаты дұрыс көрсетілмегендіктен, жергілікті атқарушы орган оған жер телімін беруден бас тартқан.
Алайда, қызмет беруші кәсіпкермен тыңдау рәсімін дұрыс өткізбей, бас тарту үшін негіз болған ескертулерді жойып, қайта жүгіну мүмкіндігінен айырған.
Департаменттің шешімі негізінде әкімдік өтініш берушіге жер учаскесін ұсынды.
Сол сияқты Департаменттің қызмет көрсетуден бас тартуларды негізсіз деп тану туралы нұсқамалары негізінде Целиноград ауданының жергілікті атқарушы органдары 15 азаматқа өзiндiк қосалқы шаруашылығын жүргiзу үшін, 1 кәсіпкерге мал шаруашылығы базасын пайдалану үшін жер учаскелерін ұсынды.
35 азаматтың құқықтары олардың шағымдарынсыз проактивті қашықтықтан мониторинг жасау арқылы жүзеге асырылғанын атап өткен жөн.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы, көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын сақтау мәселелері Департаменттің тұрақты бақылауында.