АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

 

2022 жылғы 7 қазанда Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгеруін белгілеу жөніндегі лингвистикалық комиссияның бірінші ұйымдастыру отырысы өтті.

ҚР ОСК 2022 жылғы 28 қыркүйектегі №72/555 қаулысымен құрылған Лингвистикалық комиссияның құрамына филология, тіл білімі мен әдебиет саласындағы көрнекті ғалымдар: Ахметов Әділ Құрманжанұлы, Есім Гарифолла, Дәдебаев Жанқара Дәдебайұлы, Құрманбай Гүлтас Сайынқызы, Қамзабекұлы Дихан, Фазылжанова Анар Мұратқызы кіреді.

Отырыста комиссия мүшелері төраға мен хатшыны сайлады, жұмыс кестесін белгіледі, ұсыныстарды талқылады және Президенттікке кандидаттарға ұсынылатын лингвистикалық комиссияның тапсырмаларын үш бағыт бойынша бекітті: шығарма жазу, оқу, сөз сөйлеу. Сондай-ақ, басқа да бірқатар ұйымдастырушылық мәселелер қарастырылды.

By admin

Добавить комментарий

Читайте также