Ағымдағы жылы 130-дан астам жобаны іске асыру үшін жергілікті маңызы бар жолдарды салу және жөндеуге біршама қаражат бөлінді. Бұл қаражатқа 500 шақырымнан астам жол салу, жөндеу жоспарлануда. Бұл туралы бүгінгі брифингте Ақмола облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысынң орынбасары Хайролла Жұмабек Мұратұлы мәлімдеді.
«Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын салу және жөндеу» аясында ағымдағы жылы 23 жобаны іске асыру жоспарланып, 20,4 млрд теңге қарастырылған, шамамен 100 шақырымды жөндеу жоспарланған.
Ірі жобаларды жүзеге асыру жалғасуда.
Облысымыздағы 70-тен астам елді мекенде жол желісін салу және жөндеу жұмыстары жоспарланған.
«Мемлекет басшысының жол саласындағы сыбайлас жемқорлықты жою жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Көлік министрлігі және жергілікті атқарушы органдар жол құрылысы саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуде. Жол саласына бөлінген барлық қаражатты жоспарлау және жұмсау процестері зерделенетін болады»,-дейді спикер Жұмабек Хайролла.
Бүгінгі таңда облыс әкімдігі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті сыртқы сараптама жүргізу үшін бірлескен бұйрыққа қол қойды. Нәтижелер бойынша барлық проблемалық мәселелер көтеріліп, жол саласын жақсарту бойынша ұсыныстар жасалады. Сондай-ақ іске асырылып жатқан жобаларға мониторинг жүргізіледі. Қазіргі уақытта бұл жұмыс жүргізілуде.