Ақмола облысында Отбасы күні қалай аталып өтеді Как отметят День семьи в Акмолинской области

 

 

Отбасы күні жыл сайын қыркүйек айының екінші жексенбісінде тойланып келеді. Атаулы күнді биыл қазақстандықтар 8 қыркүйекте атап өтпек. Ақмола облысы бойынша 100-ден астам іс-шаралар өткізілуі жоспарлануда.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткізілген брифингте  Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Сабырхан Кенжебаев айтып берді.

Спикердің айтуынша,  биылғы жылы мерекенің маңыздылығын арттыру және нәтижесін күшейту мақсатында әр күннің тақырыптық бағыттарын анықтай отырып, Отбасы күнін 2-8 қыркүйек аралығында атап өту ұсынылады.

Атап айтқанда:

  • 2 қыркүйек – «Отбасылық дәстүрлер: тарихты сақтау, болашақты құру. Апталықтың ашылуы, Баспасөз мәслихаты.
  • 3 қыркүйек – «Отбасын жоспарлау». медициналық мекемелерде, Жастар денсаулық орталықтарында репродуктивті денсаулықты нығайту мәселелері бойынша «Ашық есік күнін» өткізу. Көкшетау қаласындағы Панацея емханасында және жастар денсаулық орталығында «Ашық есік күні» өтетіндігін атап өту керек.
  • 4 қыркүйек – «Саналы ата-ана». Ақмола облысының білім беру ұйымдарында  оқушыларға отбасының адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, ата-аналарға, үлкендерге құрмет көрсету мақсатында сынып сағаттары өткізіледі. Білім беру ұйымдары үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып «Мықты отбасы- мықты мемлекеттің кепілі», «Дені сау ұрпақ», «Саналы ата-ана» тақырыптарында кездесулер өткізеді.
  • 5 қыркүйек – «Дені сау ұрпақ». Барлық аудандар мен қала орталықтарында спорттық жарыстар, эстафеталар, көңілді жүгіру эстафеталары өткізіледі.
  • 6 қыркүйек – «Мықты отбасы-мықты мемлекеттің кепілі». Ақмола облысының Аналар кеңесі отбасы күніне орай «Қазақ мәдениетінде, әдебиетте отбасы бейнесі» тақырыбында мерекелік бағдарлама өткізеді, «Алтын шаңырақ» және «Күміс кереге» номинацияларын табыстайды. Сонымен қатар, құқық қорғау органдары  «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері»  бойынша сараптама алаңдарын ұйымдастырады.
  • 7 қыркүйек – «Отбасылық әл-ауқат», Ақмола облысының Әкелер одағымен отбасындағы тәлім-тәрбиемен, отбасындағы ана мен әкенің рөлі жайлы кездесулер өткізіледі.
  • 8 қыркүйек – «Отбасылық демалыс: бақытты болашаққа инвестиция», «Бақытты отбасы» әлеуметтік роликтер облыстық байқауының марапаттау рәсімі өткізіледі.

 

 

Ежегодно во второе воскресенье сентября в Казахстане отмечается День семьи.

В этом году казахстанцы будут отмечать этот знаменательный день                  8 сентября. В Акмолинской области ко Дню семьи планируется провести более 100 мероприятий.

Об этом на брифинге в региональной службе коммуникаций рассказал заместитель начальника управления внутренней политики Акмолинской области Сабырхан Кенжебаев.

По словам спикера, в этом году, чтобы повысить значимость праздника и закрепить его результаты, рекомендуется отмечать День семьи со 2 по 8 сентября, определив тематические направления каждого дня.

  • 2 сентября – «Семейные традиции: храним историю, строим будущее». Открытие недели, Пресс-конференции
  • 3 сентября – «Планирование семьи». Проведение «Дня открытых дверей» в медицинских учреждениях, Молодежных центрах здоровья по вопросам укрепления репродуктивного здоровья.  Следует отметить, что  В Кокшетау «День открытых дверей» пройдет в клинике «Панацея» и Молодежном центре здоровья.

4 сентября – «Осознанное родительство». В учреждениях образования Акмолинской области пройдут классные часы с целью разъяснения учащимся значения семьи в жизни человека, проявления уважения к родителям и старшим. Учреждения образования совместно с общественными организациями проведут встречи на темы «Крепкая семья – залог сильного государства», «Здоровое поколение», «Осознанное родительство».

  • 5 сентября – «Здоровое поколение». Во всех районах и городах области пройдут спортивные соревнования, эстафеты, весёлые старты.

6 сентября – «Крепкая семья – залог сильного государства». Совет матерей Акмолинской области ко Дню семьи проведет праздничную программу «Образ семьи в казахской культуре и литературе», а также представит номинации «Алтын шаңырақ» и «Күміс кереге». Вместе с тем,  правоохранительные органы организуют экспертные площадки по «Вопросам профилактики домашнего насилия».

  • 7 сентября – «Семейное благополучие». Совместно с Союзом отцов Акмолинской области пройдут встречи по вопросам воспитания в семье, роли матери и отца в семье.
  • 8 сентября – «Семейный досуг: инвестиция в счастливое будущее» Состоится церемония награждения победителей областного конкурса социальных видеороликов.

 

 

 

By admin

Читайте также