Ақмола облысында Республика күніне орай 100-ден астам негізгі түрлі форматтағы іс-шаралар өткізіледі: өнер фестивалі, акциялар, жәрмеңкелер, мәдени-бұқаралық іс-шаралар. Халық үшін маңызды және қажетті объектілердің ашылуы өтеді. Бұл туралы ішкі саясат басқармасының орынбасары Нариман Әбдірахманов брифингте айттып өтті, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.
Республика күні 1990 жылғы 25 қазандағы Жоғарғы Кеңестің Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларацияны қабылдаған күнмен байланысты.
Ақмола облысында Республика күніне орай 100-ден астам түрлі форматтағы іс-шаралар өткізіледі. Оның ішінде: «жас өлкетанушылардың, экологтардың және табиғат зерттеушілерінің облыстық форумы», «Мұратымыз-Мәңгілік Ел!», мемлекеттік шығармашылық тапсырысқа қатысушылар арасында. Сондай-ақ, әділ Қазақстанды құрудағы мемлекеттік модельді және саяси мәдениетті жаңарту мәселелеріне арналған ғылыми-практикалық конференциялар, өз елі туралы «Отаным-алтын бесігім»атты үздік шығармаға шығармашылық конкурстар.
«25 қазанда өңірде барлық орталық алаңдарда, саябақтар мен скверлерде жаппай халықтық мерекелер, жәрмеңкелер, көрмелер, экспозициялар, мерекелік концерттер және т.б. өткізуді ұйымдастыру жоспарлануда. Халықтың барлық нысаналы топтарын қамтуға және мерекенің жалпыхалықтық атмосферасын құруға мүмкіндік береді», — деп атап өтті ішкі саясат басқармасының орынбасары Нариман Әбдірахманов.
Республика күні идеологиясының негізінде бірігу принципі жатыр, бұл күнді атап өту бірлік пен тату көршілік құндылықтарын нығайтуға барынша ықпал етуі тиіс.
#BirRespublika хэштегімен түрлі этностардың Республика күнімен құттықтау бойынша бейне челлендж, «Республика әні» авторлық әндер байқауы, «Ұлы даланың ұлттық тілі» облыстық форумы өтеді. Облыстық «Қазақстан – мақтанышым» балалар вокалдық ұжымдарының фестивалі, «Ұлттың ұлы ұстазы» өңірлік ақындар айтысы, өңірдің дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарды құрметтеу және көтермелеу өткізіледі.
«Бүгінде елді мекендерді тақырыптық көрнекі-визуалды безендіру бойынша жұмыс жүргізілді», — деп толықтырды Нариман Әбдірахманов.
Республика күніне орай бірқатар нысандардың ашылуы орайластырылды: мысалы, Бестөбе ауылының №2 ОМ өлкетану мұражайының ашылуы, Сандықтау ауданында 36 пәтерлі екі тұрғын үй және Балкашино ауылындағы «Урожай» стадионы сияқты 7 нысанның іске қосылуы. Мәдениет ауылында 200 орындық қоғамдық моншаның ашылуы, Бірлік ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты, пошта бөлімшесі, күрделі жөндеуден кейін фельдшерлік акушерлік пункт, Целиноград ауданы Қоянды ауылында медициналық орталықтың ашылуы және т. б.