Экологиялық реттеу бөлігінде департамент 2024 жылдың 8 айында электронды форматта 412 мемлекеттік қызмет көрсетті.
Бұл туралы брифингте Экология департаментінің басшысы Мағзұм Құқымбаев айтты, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Биылғы жылдың 8 айында департамент І санаттағы объектілерге 14 қоршаған ортаға әсер ету рұқсатын берді, оның 5-і шығарындыларды азайтуды қарастырады. Жобаларды қараудың сапасы мен мерзіміне ерекше назар аударылады. Сондай-ақ қоршаған ортаны қорғаудың тиімді шараларын енгізу арқылы нақты шығарындылардың өсуін жою және алдын алу жұмыстары жүргізілуде.
Спикер атап өткендей, 2022 және 2023 жылдардағы нақты шығарындыларды салыстыратын болсақ, төмендеу үрдісі байқалады, дәлірек айтқанда, шығарындылар бойынша төмендеу 1,9 мың тоннаға, қалдықтарды орналастыру 800 мың тоннаға төмендеді.
2024 жылдың өткен кезеңінде департаментпен әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша 81 хаттама толтырылды.
Департаменттің Зертханалық-аналитикалық бақылау бөлімі қоршаған орта объектілеріне (елді мекендердегі, кәсіпорындардың, көлік құралдарының, су айдындарының санитарлық-қорғау аймағының шекарасындағы атмосфералық ауа) жүйелі мониторинг жүргізеді.
2024 жылдың өткен кезеңінде бөлімше 155 сынама алды, оның ішінде: ауамен – 121, сумен – 26, топырақпен – 2, радиациямен – 6. Анықтаулардың жалпы саны – 497, оның ішінде: әуе арқылы – 121, су арқылы – 368, топырақ бойынша – 2, радиация бойынша – 6.
Қоршаған ортаға эмиссиялардың белгіленген нормативтерін асырғаны үшін бұзушыларға тиісінше әкімшілік айыппұл салынды.
2022 жылы өңірлер бойынша экологиялық жағдайды жақсарту бойынша Жол карталары бекітіліп, жүзеге асырылды.
Спикердің айтуынша, Ақмола облысының экологиялық мәселелерін шешудің Жол картасында 30 іс-шара қарастырылған.
Қазіргі уақытта 9 іс-шара жүргізілді, олардың негізгілері Ақсу ауылындағы «Қазақалтын» ЖШС (Степногорск) өндірістік нысандарына жақын орналасқан 114 үйдің тұрғындарын көшіру болып табылады. Жалпы қуаты 534 МВт болатын 7 жел электр станциясының құрылысы бойынша жобалар жүзеге асырылды – бұл Красный-Яр ауылында (Көкшетау қ.), Ерейментау ауданында 2 кешен және Аршалы ауданында 4 кешен.
Степногорск қаласы Бестөбе ауылында атмосфералық ауаның ластануын бақылау бекеті орнатылды.
Қазіргі уақытта 21 іс-шара жүргізілуде.
Сондай-ақ Мағзұм Құқымбаев қазір Көкшетау, Зеренді және Бурабай аудандарында қалдықтарды сұрыптау және өңдеу кешендерін салу жобасын жүзеге асыру басталғанын айтты. Қазіргі жағдай – жобалық құжаттама әзірленуде және ағымдағы жылы мемлекеттік сараптамаға жіберіледі.
Құрылысты 2025 жылдың 1 тоқсанында бастауды жоспарлап, келесі жылдың соңына дейін іске асыруды жоспарлануда. Қуаттылығы 150 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтарды 100% қайта өңдеу және 50 мың тонна органикалық қалдықтарды өңдеу.
«Ағымдағы жылы «Қазақстан ҒарышСапары» ҰК» АҚ ұсынған спутниктік суреттер негізінде Ақмола облысы аумағында Ақмола аумағында 191 рұқсат етілмеген қоқыс орындары анықталып, 24-і жойылды, бұл 12 пайызды құрайды», — деп сөзін түйіндеді спикер.
В части Экологического регулирования Департаментом за 8 месяцев 2024 года оказано 412 государственных услуг электронном формате.
Об этом на брифинге рассказал руководитель Департамента экологии Магзум Кукумбаев, передает Региональная служба коммуникаций.
За 8 месяцев 2024 года Департаментом выдано 14 экологических разрешений на воздействие для объектов I категории, из них в 5 предусмотрено снижение эмиссий. Особое внимание уделяется качеству и срокам проведения экспертизы проектов. Также ведется работа по устранению и предотвращению роста фактических эмиссий путем внедрения эффективных мероприятий в целях охраны окружающей среды.
Как отметил спикер, если сравнить фактические эмиссии 2022 и 2023 года, то имеется тенденция к уменьшению, так по выбросам уменьшение составило на 1,9 тыс тонн, размещение отходов на 800 тыс тонн.
За истекший период 2024 года Департаментом составлено 81 протоколов об административных правонарушениях.
Отделом лабораторно-аналитического контроля Департамента систематически проводится мониторинг объектов окружающей среды (атмосферный воздух населенных пунктов, на границе санитарно-защитной зоны предприятий, автотранспорт, водные объекты).
За прошедший период 2024 года отделом отобрано 155 проб, из них: по воздуху – 121, по воде – 26, по почве – 2, по радиации – 6. Общее количество определений – 497, из них: по воздуху – 121, по воде – 368, по почве – 2, по радиации – 6.
За превышение установленных нормативов эмиссий в окружающую среду нарушители привлекаются соответственно к административным штрафам.
В 2022 году утверждены и реализуются Дорожные карты по улучшению экологической ситуации в разрезе регионов.
По словам спикера, в Дорожной карте по решению экологических проблем Акмолинской области предусмотрено 30 мероприятия.
В настоящее время исполнено 9 мероприятий, из основных осуществлено переселение жителей 114 домов поселка Аксу, живущих вблизи к производственным объектам ТОО «Казахалтын» (г.Степногорск). Реализованы проекты по строительству 7 ветряных электрических станции общей мощностью 534 мВт – это в селе Красный-Яр (г.Кокшетау), в Ерейментауском районе 2 комплекса, в Аршалынском районе 4 комплекса. Установлен пост наблюдений за загрязнением атмосферного воздуха в поселке Бестобе, г.Степногорск.
В настоящее время в работе находятся 21 мероприятие.
Магзум Кукумбаев также рассказал, что в настоящее время начата реализация проекта по строительству мусоросортировочных и перерабатывающих комплексов в г.Кокшетау, Зерендинский и Бурабайский районы. Статус на сегодняшний день — проводится разработка ПСД и в текущем году направится на гос.экспертизу.
Планирование начала строительства в 1 квартале 2025 года с реализацией до конца следующего года. Мощность 150 тыс.тонн с 100% переработкой отходов ТБО и 50 тыс.тонн органических отходов.
«В текущем году по космоснимкам представленных АО «НК «Қазақстан ҒарышСапары» на территории Акмолинской в Акмолинской области выявлено 191 несанкционированных мест размещения отходов, ликвидировано 24, что составляет 12%», — заключил спикер.