Құрметті ауданның кірістер басқармасының қызметкерлері және сала ардагерлері!
Сіздерді 14 тамыз — Мемлекеттік кірістер органдарының құрылған күні мерекесімен құттықтаймын!
Қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылық, халықтың құқықтық білімін арттыру, бюджетке түсетін салық түсімдерін бақылау – мұның бәрі мемлекеттік кірістер органдарының басты міндеттері.
Жақсы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері де бұл мақсатты орындауға өздерінің үлестерін қосуда. Еліміздегі экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, елде қабылданған заң нормаларын мүлтіксіз орындау, елдің мүддесін қорғауда атқарып жатқан жұмыстарыңызға тек жаңа серпін мен сәттілік тілеймін!

Бралина Алмагүл Жамбылқызы

By admin

Читайте также