Мөлдір Жаңбырбай жартылай финалға шықты

Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан XII Дүниежүзілік ойындарында каратеден жарыстар басталды.

50 келі салмақта сынға түскен әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай топтық кезеңде екі қарсыласынан басым түсіп, жартылай финалға өтті.

Ол Алжир өкілі Силия Уикенді 4:0, Венесуэла спортшысы Йоргелис Салазарды 3:0 есебімен жеңіп, Қытайлық Жунхуй Вангқа 0:1 есебімен жол берді.

Жартылай финалда Жаңбырбай екі дүркін Еуропа чемпионы хорватиялық Ема Сгарделлимен кездеседі. Бәсеке Астана уақытымен 13:55-те басталады.

By admin

Читайте также