Зеренді ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері баяндалды
Облыс орталығында өткен брифингте Ақмола облысы Зеренді ауданының әкімі Әсет Құрманғожин 2025 жылдың алғашқы бес айындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы жоспарлар туралы баяндады, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Аудан экономикасы негізінен өңдеуші және тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен ерекшеленеді. 2025 жылдың қаңтар–мамыр айларында жалпы өндіріс көлемі 285,5 млрд теңгені құрап, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 143,2%-ға өсті.
Өңдеуші өнеркәсіпте айтарлықтай серпін байқалады. Мәселен, «Алтынтау Көкшетау» АҚ 9,7 тонна алтын өндіріп, 255,8 млрд теңгенің өнімін шығарды. «Айдабуль спирт зауыты» 336,4 мың дал этил спиртін өндіріп, 1,6 млрд теңге табыс тапты. Ал «Milk Project» сүт өңдеу зауыты 11,5 млн литр сүт өндіріп, 5,6 млрд теңгеге өнім өткізген.
«Ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі 13,3 млрд теңгені құрап, 126,1%-ға артты. Мал шаруашылығында 7 мың тоннадан астам ет өндірілді. Дегенмен, кейбір мал түрлері бойынша бас санының төмендеуі тіркелген», деді спикер.
Негізгі капиталға тартылған инвестициялар 14,8 млрд теңгені құрап, 2,3 есеге артты. Құны 12,5 млрд теңге болатын «Qazaq Qaolin» жобасы аясында Германиядан жабдықтар әкелініп, құрылыс-монтаж жұмыстарына дайындық жүргізілуде.
Аудан аумағында 8 жол жобасы, 17 ауызсу жобасы іске асырылуда. Мысалы, Зеренда ауылындағы бірқатар көшелерге орта жөндеу жүргізіліп, бірнеше елді мекенде су тарту желілері салынып жатыр. Бұл мақсатқа 12,2 млрд теңге бағытталған.
Бес айда аудан бюджетіне 61,6 млрд теңге түсіп, жоспар 109,6%-ға орындалды. Әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар уақытылы төленіп, 453 жұмыс орны ашылды. Халықтың кедейлік деңгейі 0,5% құрайды.
Ауданда 56 мектеп, 47 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Балалар арасындағы қамтылу деңгейі жоғары – 3-6 жас аралығында 100%, 2-6 жас аралығында 98,7%.
Медициналық мекемелердің жабдықталу деңгейі – 81,3%. Медицина саласында 29 дәрігер мен 158 орта буын қызметкері еңбек етеді. Мәселен, ана өлімі тіркелмеген, ал сәбилер өлімі бір жағдаймен шектелді.
Ауданда 60 мәдениет нысаны мен 74 спорттық құрылым бар. 14 500-ден астам адам дене шынықтырумен айналысады (халықтың 42,8%). Зеренда ауылында жаңа спорт мектебінің құрылысы басталды.
Қылмыс деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 16%-ға төмендеді. Атап айтқанда, ұсақ қылмыстар мен пәтер ұрлығы азайған.
«Халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жобаларды одан әрі жалғастырамыз. Журналистердің қолдауы мен уақтылы ақпараты үшін алғысымды білдіремін», – деп қорытындылады спикер.
Зерендинский район демонстрирует уверенный рост экономики и промышленности
Зерендинский район завершил первые пять месяцев 2025 года с впечатляющими результатами в социально-экономическом развитии. Общий объем производства в районе составил более 285 млрд тенге, что на 43% больше по сравнению с аналогичным периодом прошлого года. Промышленность остается ведущей отраслью и формирует 94,6% экономики района.
Крупнейшим предприятием района продолжает оставаться АО «Altyntau Kokshetau», на долю которого приходится значительная часть промышленного производства. За отчетный период компанией произведено свыше 9,6 тыс. кг золота на сумму 255,8 млрд тенге. Несмотря на снижение объемов добычи руды по причине природных и технологических факторов, компания сохраняет устойчивые позиции и остается драйвером экономического роста.
В обрабатывающей промышленности также наблюдается динамичное развитие: объем производства составил 266,4 млрд тенге, что на 46% выше уровня прошлого года. Молочный завод ТОО «Milk Project» выпустил более 11,5 млн литров продукции на сумму 5,6 млрд тенге, что подтверждает устойчивый спрос и успешное развитие перерабатывающего сектора.