Евгений Фёдоров Қазақстан чемпионатында үш алтынды бірақ алды
Командалық жарыс пен жекелей жарыста жеңіске жеткеннен кейін XDS Astana Team велошабандозы Евгений Фёдоров ұлттық чемпионаттың топтық жарысында да үздік атанды. Осылайша, Фёдоров биылғы Қазақстан чемпионатында үш бірдей алтын медаль жеңіп алып, өз мықтылығын тағы бір мәрте дәлелдеді