Саяси жүйені құру жолдары талқыланды

 

Елордада Астана IT университетінің базасында конституциялық реформаларды нақтылауға арналған «Референдум-2022: Қазақстан Республикасының саяси жүйесін қайта құру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Астана IT универ­си­тетінің оқытушылары, қыз­мет­керлері, сондай-ақ студенттері қатысты. Офлайн форматта ұйым­­дастырылған жиынға Сенат депутат­тары Владимир Вол­ков, Қанат­бек Сафинов, Андрей­ Лукин қатысты. Депу­тат­тар Конституцияға ұсынылып отырған өзгерістер мен толық­ты­рулардың мән-мағы­на­сын түсін­дір­ді.

Мәселен, жаңа Конституцияда Президент жақындарын басшылық қызметтерге тағайындауға шек­теу қою ұсынылған. Яғни су­пер­пре­зиденттік басқарудан мық­ты Парламенті бар пре­зидент­тік жүйеге көшуге нақты қадам жасалып отыр. Сондай-ақ Мәжіліс немесе мәслихат депутаты сайлауына партияға мүше болмай-ақ үміткер ретінде қатыса алады.

Сонымен қатар тарих ғылым­да­рының докторлары, Astana IT университеті Қоғамдық ғылым­дар кафедрасының профессорлары Нұрбек Шаяхметов пен Сәуле Мамытова республикалық референдумның тарихи маңы­зы мен мәніне тоқталды. Универ­си­тет­тің студент жастары атынан Астана ІТ университетінің 1-курс студенті Батырхан Бейсембеков сөз сөйледі.

Жиын соңы сұрақ-жауап фор­матында өрбіді. Сенаторлар сту­дент­терге Парламент ғи­маратында тағылымдамадан өту­ді ұсынды. Баяндамашыларды ұйып тыңдаған жастар сұрақтарын жау­дырды. Әсіресе Қазақстанға суперпрезиденттік басқаруға көшудің маңызын, Мемлекет басшысы қандай өкілеттігінен бас тартудың мән-мағынасын сұрады.

«Студенттер өмірде өте бел­сен­ді позиция ұстанады. Өте өткір сұрақтар қояды. Оларды ыңғайсыз деп айтпас едім, сауалдары шынайы, ашық. Осы сұрақтардан аудиторияның пікір­таласқа белсенді қатысқанын, жас­тардың жанып тұрған көзін көр­дім. Олардың референдумға келіп, өз таңдауын жасайтынына сенімдімін», деді А.Лукин.

https://egemen.kz/article/313499-sayasi-dguyeni-quru-dgoldary-talqylandy

 

By admin

Добавить комментарий

Читайте также