Қасым-Жомарт Тоқаев:
«Ел тарихында айрықша рөл атқарған әйгілі бабаларымыздың есімі көптеген елді мекендер мен көшелерге берілген. Енді осымен тоқтайық. Өткен заман қайраткерлерінің атын ел жадында сақтау мәселесіне мейлінше салмақты көзқараспен қараған жөн. Қалалар мен көшелердің атауынан халқымыздың төл тарихы көрініс табуы қажет.
Біз әдемі жер-су атауларын және халық ішінде кең таралған дәстүрлі атауларды толық пайдаланбай жүрміз. Бірақ ауыл-аймақтардың тарихи тұрғыдан ескірген атауларын өзгерту мәселесіне мұқият қараған жөн. Бұл жерде ешқандай науқаншылдық болмауы керек. Халық арасында жан-жақты түсіндіру жұмысын жүргізіп, тұрғындардың пікірін ескеру маңызды.
Қазір елді мекендердің аумағы ұлғайып жатыр, қалаларда жаңа аудандар бой көтеруде. Осыған байланысты атауы қайталанатын немесе мүлдем атауы жоқ мыңдаған көше пайда болды. Бұл жағдай өрт сөндірушілерге, тәртіп сақшыларына, жедел жәрдем мен басқа да құрылымдарға қиындық туғызады. Ең алдымен осындай көшелердің атауын ретке келтіру қажет»
t.me/aqorda_resmi
Касым-Жомарт Токаев:
«Имена наших знаменитых предков, сыгравших действительно особую роль в истории страны, уже присвоены многим улицам и населенным пунктам. Настало время остановиться и более разборчиво подойти к увековечиванию памяти деятелей прошлого. В названиях городов и улиц должна отражаться сама история нашего народа.
Мы не до конца используем потенциал звучных географических названий и популярных в обществе традиционных топонимов.При этом к переименованию сел, названия которых исторически устарели, нужно подходить крайне внимательно. Кампанейщина здесь недопустима. Важно проводить широкую разъяснительную работу и учитывать мнение жителей.
Что касается улиц, то в первую очередь надо дать названия безымянным улицам и повторяющимся топонимам. Из-за расширения населенных пунктов, застройки новых городских районов таких объектов в нашей стране тысячи. Это усложняет работу пожарных, полиции, скорой помощи и других служб»
t.me/aqorda_resmi