Президент «Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестиваліне барды Президент посетил фестиваль «Город рабочих профессий»

 

✔️EXPO көрме алаңында болашақ мамандардың, жұмыс берушілер мен кәсіптік-техникалық ұйымдардың басын қосқан «Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестивалі өтіп жатыр. Бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жарияланған «Жұмысшы мамандықтары жылындағы» алғашқы ауқымды іс-шара.

✔️Фестиваль Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен және басқа да салалық ведомстволардың, ұлттық компаниялар мен ірі кәсіпорындардың қолдауымен өтіп жатыр. Қалашықтағы 40 интерактивті көрмеде 200-ден астам мамандықтың қыр-сырына қанығып, экономика секторларының ерекшеліктерімен танысуға болады. Фестиваль аясында бірнеше күн бойы түрлі семинарлар, шеберлік сағаттары, инновациялық сессиялар мен жұмыс жәрмеңкелері ұйымдастырылады. Алғашқы екі күнде іс-шараға 15 мыңнан астам адам келген.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика, тау-кен, металлургия, мұнай-газ, құрылыс, ауыл шаруашылығы және тағы да басқа салаларға маман даярлау үдерісімен танысты. Сондай-ақ Президентке еңбек нарығындағы сұранысқа және әр өңірдің ерекшелігіне қарай кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарын трансформациялау мысалдары баяндалды.

✔️Президент атом электр стансасы секілді ірі жобаларды жүзеге асыру қарсаңында сапалы білім мен кәсіби дағдыны меңгерген мамандар өте қажет екенін айтты.

t.me/aqorda_resmi

 

✔️На выставочной площадке EXPO проходит фестиваль «Город рабочих профессий», объединивший будущих специалистов, работодателей и организации профессионально-технического образования. Это первое масштабное мероприятие в рамках объявленного Главой государства Касым-Жомартом Токаевым Года рабочих профессий.

✔️Фестиваль проводится при поддержке министерства просвещения и других профильных ведомств, национальных компаний и крупных предприятий. Здесь представлены 40 интерактивных выставочных зон, где можно ознакомиться с более чем 200 специальностями и узнать об особенностях различных отраслей экономики. В рамках фестиваля в течение нескольких дней будут организованы семинары, мастер-классы, инновационные сессии и ярмарки вакансий. За первые два дня мероприятие посетили более 15 тысяч человек.

✔️Касым-Жомарт Токаев ознакомился с подготовкой специалистов для энергетической, горнорудной, металлургической, нефтегазовой, строительной, сельскохозяйственной и других отраслей.

✔️Президент был проинформирован о преобразованиях в организациях профессионально-технического образования, деятельность которых ориентирована на запросы рынка труда с учетом специфики регионов.

✔️По мнению Главы государства, для реализации таких крупных проектов, как строительство атомной электростанции, будут крайне востребованы квалифицированные специалисты.

t.me/aqorda_resmi

By admin

Читайте также