Өңірдің цифрлық аспаны: дрондар құрылыс, ТКШ және Ақмола облысының табиғи ресурстарын бақылауда Цифровое небо региона: дроны следят за стройками, ЖКХ и природными ресурсами Акмолинской области

 

 

Ақмола облысында Мемлекет басшысының бірыңғай дрондар инфрақұрылымын енгізу жөніндегі тапсырмасы аясында пилоттық жоба іске қосылды.

«Бірыңғай дрондар инфрақұрылымы» атты бұл жоба мемлекеттік және инфрақұрылымдық жобаларды басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған. Жүйе мектептер мен жолдардың құрылысын бақылауға, жылу желілерінің жай-күйін қадағалауға, жер қойнауын пайдалану саласындағы заңбұзушылықтарды анықтауға және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жұмысының сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Облыс әкімдігінде өткен жиында Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасы «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп жобаны облыс әкіміне таныстырды. Презентация барысында пилотсыз ұшу аппараттарын жедел бақылау мен талдау жүргізуде пайдалану мүмкіндіктері көрсетілді.

Облыс әкімі бұл бастаманы қолдап, пилоттық кезең аясында дрондар Көкшетау және Қосшы қалаларында қолданылатынын атап өтті. Сонымен қатар, шалғай елді мекендерді тексеру үшін мобильді дрондар пайдаланылады.

«Цифрлық технологиялар мемлекеттік басқару саласында маңызды рөл атқарады. Инновациялық шешімдер көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға ғана емес, сонымен қатар ықтимал қауіп-қатерлерді азайтуға мүмкіндік береді. Ақмола облысы осындай озық жобаларды енгізуде пилоттық өңір болуға дайын», – деді облыс әкімі Марат Ахметжанов.

Жобаның негізгі артықшылықтарының бірі – жылу желілерінің жағдайын дрон арқылы қашықтан бақылау. Бұл жылу шығындарын анықтап, оларды жою бойынша уақтылы шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, дрондар жер қойнауын пайдалану саласындағы заң бұзушылықтарды тіркеп, экологиялық нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді.

«Қазіргі технологияларды пайдалану әлеуметтік нысандармектептер мен жолдардың құрылысы барысын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді. Бұл процестердің ашықтығын қамтамасыз етіп, тиімділігін арттырады және басқарушылық шешімдерді жедел қабылдауға ықпал етеді», – деп атап өтті Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы Мағжан Ержан.

Жобаны жүзеге асыру аясында Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы Мағжан Ержан мен «Қазақтелеком» АҚ-ның цифрлық бизнес дивизионының бас директоры Абылайхан Оспанов өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Айта кетейік, цифрлық технологияларды дамыту және заманауи мониторинг құралдарын пайдалану – өңірді дамытудың басым бағыттарының бірі. Егер «Бірыңғай дрондар инфрақұрылымы» пилоттық жобасы сәтті жүзеге асса, оны бүкіл облыс аумағында кеңейту жоспарланып отыр.

 

 

 

В Акмолинской области запустили пилотный проект в рамках исполнения поручения Главы Государства по внедрению единой инфраструктуры дронов.

В регионе стартовал пилотный проект «Единая инфраструктура дронов», направленный на повышение прозрачности и эффективности управления государственными и инфраструктурными проектами. Система позволит проводить мониторинг строительства школ и дорог, контролировать состояние тепловых сетей, выявлять нарушения в сфере недропользования и повышать качество работы жилищно-коммунального хозяйства.

На прошедшем совещании в акимате области управление цифровизации и архивов Акмолинской области совместно с АО «Казахтелеком» представили проект акиму области. В ходе презентации продемонстрированы возможности применения беспилотных летательных аппаратов для оперативного контроля и аналитики в режиме реального времени.

Аким области поддержал инициативу, и в рамках пилотного этапа дроны будут развернуты в городах Кокшетау и Косшы. Также предусмотрено использование мобильного беспилотника для обследования территорий в удаленных населенных пунктах.

«Цифровые технологии играют все большую роль в сфере государственного управления. Инновационные решения помогают не только улучшить качество предоставляемых услуг, но и минимизировать возможные риски. Акмолинская область готова стать пилотным регионом для внедрения таких передовых проектов», – подчеркнул аким области Марат Ахметжанов.

Одним из ключевых преимуществ проекта является возможность беспилотного мониторинга состояния тепловых сетей, что позволит выявлять теплопотери и принимать своевременные меры для их устранения. Кроме того, дроны смогут фиксировать нарушения в сфере недропользования, обеспечивая контроль за соблюдением природоохранных норм.

«Использование современных технологий позволит в режиме реального времени получать объективные данные о ходе строительства социальных объектов, таких как школы и дороги. Это обеспечит прозрачность процессов, повысит их эффективность и ускорит принятие управленческих решений», – отметил руководитель Управления цифровизации и архивов Акмолинской области Мағжан Ержан.

В рамках реализации проекта руководитель управления цифровизации и архивов Акмолинской области Мағжан Ержан и Главный директор-генеральный директор дивизиона цифрового бизнеса – филиала АО «Казахтелеком» Абылайхан Оспанов заключили меморандум о сотрудничестве.

Напомним, что развитие цифровых технологий и использование современных инструментов мониторинга является одним из приоритетных направлений развития области. В случае успешной реализации пилотного проекта «Единая инфраструктура дронов» его масштабирование возможно на территории всей области.

By admin

Читайте также